Қасиетті Құрбан айт мейрамын Торғай жұртшылығы да ерекше ілтипатпен атап өтуде. Бозала таңнан мешіттерде айт намазы оқылып, қазақы салт-дәстүр ұстанымы бойынша пісірілген көже таратылды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Құрбан айт мерекесімен құттықтауы
Құрметті отандастар! Қасиетті Құрбан айт мерекесі құтты болсын!
Құрбан айт – рухани тазару мен бірліктің мерекесі
Құрбан айт – күллі мұсылман үшін ең ұлық мерекелердің бірі. Бұл тек мал сойып, ет таратумен шектелмейтін, астарында терең рухани тағылым, адамгершілік құндылықтар мен әлеуметтік теңдік жатқан ерекше мейрам.
Университет алаңында ұлттық құндылықтар ұлықталып, көктем мерекесі тойланды
Міржақып Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университеті қабырғасында «Достық дастарханы» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған думан оқу орнының ауласында өтті.
Әуе қорғанысының тірегі – инженерлік-авиациялық қызмет
21 мамыр – Әуе қорғанысы күштерін инженерлік-авиациялық қамтамасыз ету мамандарының кәсіби мерекесі. Техниканың жарамдылығы мен елдің әуе шебін қорғау жөніндегі міндеттерді орындауға дайындығы осы сала мамандарының қолында.
Байланыс қызметкерлері күні: еңбегі еленген мамандар
Қостанайда Байланыс қызметкерлері күніне арналған салтанатты шара өтті. Мерекелік жиында сала мамандары мен ардагерлерге құрмет көрсетіліп, байланыс саласының дамуына қосқан үлестері ерекше аталып өтті.
Қостанай облысында «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы басталды
Байқау адамгершілік қасиеттерді жандандыруға, отбасы мәртебесі мен құндылықтарын арттыруға бағытталған.
Алғашқы құжат — Қостанай облысы полиция қызметкерлерінен
Мамыр мерекелері қарсаңында Қостанай облысы Полиция департаментінің қызметкерлері он алты жасқа толған азаматтарға салтанатты түрде жеке куәліктерін табыстады.
Торғай төріндегі тағылымды іс-шара
7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай Н.Ахметбеков атындағы мәдениет үйінде «ҰРАНДЫ ЕРДІҢ – ҰРПАҒЫ ҚАЙСАР» атты мерекелік концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.
Аналар күні-жүректерді біріктірген мереке
10 мамыр күні Достық үйінің алдындағы алаңда Қазақстандағы Аналар күніне арналған «Ана алақаны — мейірім мекені» атты мерекелік іс-шара өтті.
