Қостанайда Астана күніне арналған концерт өтті

Қостанайда Астана күніне арналған концерт өтті

Бүгін – мемлекетіміздің басты ордасы Астана қаласының туған күні. Елдің әр түкпірінде аталып өтіп жатқан мерекеге қостанайлықтар да үн қосты.

Еуразия кіндігіндегі Алаштың алтын тәжі – айбары асқақ Астанамыздың құрылғанына биыл 28 жыл. Елордамыз осы жылы қабылданған жаңа Ата заңымызда да мемлекет астанасы болып қайта бекітілді. Онда бас қала ұлттық бірліктің, Қазақстанның әрі қарайғы дамуының символы екені айшықталды. Шырайлы шаһардың туған күні сондықтан да тұтас қазақтың мәртебелі мерекелерінің бірі саналады.Осы бір айтулы датаны думандату қостанайлықтардың да жыл сайынғы дәстүріне айналған. Бүгін де қала тұрғындары мен қонақтары сити-орталыққа жиылып, арнаулы бағдарламаны тамашалады. Облыс өнерпаздары мерекенің көрігін қыздырып, көпшіліктің көңіл-күйін көтерді.blankblankblankСахна төрінде Астана туралы әндер шырқалып, би қойылымдары назарға ұсынылды. Өңір өнерін өрге сүйреп жүрген Анастасия Пикулева, Күнсұлу Жақаева, Әнуар Оспанов, Ерболат Жазықбаев, Руслана Пономарева, Индира Төленқызы сынды дарынды әншілер, «Эстет», «Надежда» би ансамбльдері бастаған ұжымдар кештің керемет сәнін келтірді. blankblankblankblank

Суреттерді түсірген – Василий ВАСИЛЬЕВ