Табиғи монополиялар саласының мамандары биыл алғаш рет кәсіби мерекелерін атап өтеді

Табиғи монополиялар саласының мамандары биыл алғаш рет кәсіби мерекелерін атап өтеді

Қостанай облысында бұл мерекені 10 мыңға жуық сала қызметкері зор қуанышпен қарсы алады.           

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кәсіби мерекелер тізбесіне енгізілген өзгерістерге сәйкес, табиғи монополиялар саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі ресми түрде бекітілді.

Мерекенің 9 шілдеде атап өтілуі де кездейсоқ емес. Дәл осы күні, 1998 жылғы 9 шілдеде, елімізде табиғи монополиялар саласын құқықтық тұрғыдан реттеген маңызды құжат – «Табиғи монополиялар туралы» заң қабылданған болатын.

Бұл заң саланың дамуына тың серпін беріп, тарифтік саясаттың ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз етудің негізін қалады.

«Әрбір маманға жыл сайын жүздеген тарифтік материалдар мен есептерді зерделеу міндеті жүктеледі. Соған қарамастан ұжымда 15 жылдан астам еңбек өтілі бар тәжірибелі мамандар қызмет етеді. Қостанай облысындағы табиғи монополиялар саласында жалпы 10 мыңға жуық адам еңбек етеді. Олар күн сайын тұрғындарды өмірлік маңызы бар коммуналдық қызметтермен үздіксіз қамтамасыз етіп келеді», – дейді Ақан Ташпанов.

Күнпараққа енгілілген жаңа мереке – тек бір саланың қызметкерлеріне ғана емес, тұрғындардың жайлы өмірі үшін тәулік бойы еңбек етіп жүрген инженерлерге, экономистерге, сарапшыларға, диспетчерлерге, бақылаушыларға және коммуналдық кәсіпорындардың барлық мамандарына көрсетілген құрметтің белгісі.