Жыл сайын шілде айының екінші жексенбісінде елімізде Балық шаруашылығы жұмыскерлері күні атап өтіледі.
Бүгінде балық шаруашылығы – агроөнеркәсіп кешенінің перспективті бағыттарының бірі.
Сала мамандарының қажырлы еңбегінің арқасында су айдындарының биологиялық әртүрлілігі сақталып, аквашаруашылық саласы дамып, отандық балық өнімдерінің өндірісі артып келеді.
Бұл еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға елеулі үлес қосуда.
Мереке құтты болсын!
