Облыстық «QOSTANAI» телеарнасының ұжымына кәсіби мереке қарсаңында су жаңа көлік тарту етілді.
Арқалық үш мерекені қатар атап өтті
Маусым айының маңызды мерекелерінің қатарында медицина қызметкерлері күні, полиция қызметкерлері күні және мемлекеттік қызметшілер күнін атап өтуге болады.
Қазақстанда Жеңіл өнеркәсіп қызметкерлері күні атап өтілуде
Елімізде жыл сайын маусым айының екінші жексенбісінде Жеңіл өнеркәсіп қызметкерлері күні аталып өтеді.
Рудныйда Балаларды қорғау күні ерекше аталып өтті
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай қалалық мәдениет және демалыс саябағында думанды іс-шара ұйымдастырылды. Шараға жүздеген бала мен ата-ана қатысып, жаздың алғашқы күнін көтеріңкі көңіл-күймен қарсы алды.
Балалардың күлкісі – әлемнің ең әсем әуені!
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Ауыл» партиясының ұйымдастыруымен «Балалық шақ мекені» республикалық акциясы аясында Қостанай қаласының Сити-орталығында жарқын мерекелік шара өтті.
Балалар шаттығын еселеді
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күнін арқалықтықтар да мамыражай тірлікпен, ынтымақты бірлікпен атап өтті.
Еліміздің әр өңірінен келген оқушылар Ақорданы аралады
Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Президент резиденциясы барлық облыстан келген 100 оқушыға есігін айқара ашты.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтады
– Халықаралық балаларды қорғау күні құтты болсын! Жас ұрпақтың құқығын қорғау, денсаулығын сақтау және олардың жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасау – жалпыұлттық мақсат және конституциялық міндет.
Арқалықта Құрбан айт құрметіне қазақ күресінен облыстық турнир ұйымдастырылды
Дәстүрлі Құрбан айт мерекесіне орай қаладағы Қайрат спорт кешенінде қазақша күрестен ұлттық сайыс көрініс тапты.
Торғайда Құрбан айт тойланды
Қасиетті Құрбан айт мейрамын Торғай жұртшылығы да ерекше ілтипатпен атап өтуде. Бозала таңнан мешіттерде айт намазы оқылып, қазақы салт-дәстүр ұстанымы бойынша пісірілген көже таратылды.
