Мерейтой бастауы — Өзбекәлі Жәнібектің 95 жылдығына арналған еске алу кеші

Мерейтой бастауы — Өзбекәлі Жәнібектің 95 жылдығына арналған еске алу кеші

Арайлы Арқалықтың шырайлы мерекесі жалғасу үстінде. Мерейтойдың бай бағдарламасы бүгін рухани іс-шарамен басталды.
Атап айтқанда, тарихшы-этногроф Өзбекәлі Жәнібектің туғанына 95 жыл толуына орай «Рух сардары» атты еске алу жиыны ұйымдастырылды. Қаланың 70 жылдығымен тұспа-тұс келген заңғар тұлғаның мерейтойы мәнді-мазмұнды өтті. Бұл іс-шараға алыс-жақыннан мемлекет және қоғам қайраткерлері, мәдениет, руханият марғасқалары, Өзбекәлі Жәнібектің балалары мен бауырлары арнайы келген. blankАрқалық қаласының Әмірхан Асанов келелі жиынның алғы сөзін айтып, жиылған қауымға құттықтау лебізін жолдады.blank

«Бүгін біз қос күнге арналған Арқалықтың 70 жылдығы мен байрағын көтерген облыстық спартакиада бағдарламасын біртуар тұлға Өзағаңа арналған еске алу кешімен бастап отырмыз. Осы өлкедегі бес жылдық қана қызметі тарихымыздан тағылымды орын алды. Жуықта ғана премьерасы өткен «Арқалықтың ақ таңы» туындысы оның өңіріміздегі еселі еңбегін, өнегелі жолын насихаттау ниетінен туған қойылым болатын. Бірнеше маңызды оқиғаның тоғысын осы жиынмен басталуы Өзағаңа деген ерекше ықылас-құрметіміздің белгісі», — деді қала әкімі.

blankОсы іс-шараға Өзағаның туған жері Түркістан облысынан арнайы делегация келіп қатысты. Қасиетті мекеннің қастерлі қауымын осы облыс әкімінің орынбасары Мадияр Алипов бастап келді. Ол Өзағаң елінің ақ сәлемін жеткізіп, ізгі тілегін жолдап, Түркістан облысы әкімінің құттықтау хатын оқып, Әмірхан Асановқа табыс етті.blankblankӨмірі өнегемен өрнектелген көрнекті тұлғаның Торғай өлкесінде ізі сайрап жатыр. Абыройын өрге оздырып, мәдени мұрамызды түгендеп, рухымыздың серпілуіне сіңірген еңбегі өлшеусіз. Бұл жөнінде әйгілі тарихшы, қабырғалы қаламгер Қойшығара Салғарин кең көсіліп, көрікті сөз, көрнекті ой айтты.blank

«Кезінде өзім де осында радиода бес жыл қызмет еттім. Оған Өзағаң ықпал етіп еді. Облысқа керемет еңбек сіңірді. Кейін жақын танысып, ағалы-інілі болып кетіп едік. Ол кісінің басты қасиеті — ұлттық құндылықты басты орынға қоятын. Өмірінің соңғы сәтінде кездескенімде Торғай халқына ырзалығын айтты, жекелеген азаматтарға тәнтілігін жеткізді. Әсіресе елдік жөнінде көп дүние айтты. Құдай қуат берсе, оны да жазармыз. Қазіргі биліктегі жігіттерге Өзағаңдай елдік мүддеге жұмыс істеуін тілеймін», — деп тебіреніп, қала тойына лебізін де қоса кетті тарих тамыршысы.

blankТұсында Өзағаңмен тізе қосып қызмет атқарған қайраткер, бұрынғы Торғай облысы әкімінің орынбасары Амангелді Садырбеков те көзкөрген тұлға туралы естелік-лепесін көпшілікпен бөлісті.blank

«Өзағаң келгенде аудандық комсомол жастарына басшылық жасап, бізді тәрбиелеп, жетілдірді. Өзім бес облыста жұмыс істеген адаммын. Содан білемін, ол кісідей адал ниетті, әділетті адам көрген емеспін. Тыста жүрген мені туған жерге баруға үгіттеген де жан еді. Елге сіңірген еңбегі айтып тауысқысыз еді ғой. Осындай азаматтар көбейе түскей», — деді ол.

blankОл өзінің «Өмірімнің өрнектері» кітабын қолтаңбасымен Өзағаңның ұлы Ниетжанға және түркістандық делегация мүшелеріне табыс етті. Осы жиында Өзбекәліге көше беру, бір мектепті қайраткер атымен атау сияқты ұтымды ұсыныстар да айтылып жатты.blank Ұлы қайраткердің балалары мен туыстары — немере қарындасы Айғаным Серімнің, Ниетжан Өзбекәліұлының текті тұлға туралы естелік-сырлары да тыңдарман қауымды бейжай қалдырмады.blank

«Әкеме деген құрметтеріңіз үшін зор рахмет. Өзім де Арқалықта бір жыл тұрдым. Әкемнің Торғай өңірінде қызмет еткен бес жылы өмірінің ең бақытты, сәулелі сәттері еді. Өзі соңғы деміне дейін солай айтып өтті. Ендеше, Арқалық — мен үшін де әлемдегі ең ыстық қала!» — деп тебіренді тектінің тұяғы Ниетжан.

blankЕске алу кешінде өзге де өнертанушы, ғалым, профессорлар, қос облыстың мұражай қызметкерлері, көзін көрген шәкірттері, Өзағаң өмірге әкелген атақты «Шертер» ансамблінің алғашқы қарлығаштары, жұлдызды меймандар сөз алып, тамаша естеліктерімен халықты сүттей ұйытып, салмақты ой-пікірлерін, тілек-лебіздерін жеткізді, сый-сияпат алмасты. blankblankblankblankЖиын аясында атақты «Арқалықтың ақ таңы» және Өзбекәлі Жәнібек рухына арналған әндер әуеледі, қайта жаңғырған «Шертер» ансамблі әсем әуенмен тербетіп-тебірентті.blankblankblankГазетте тарқатыңқырап жазамыз.

Суреттерді түсірген — Мұрат ЖҮНІСҰЛЫ