Рудный қаласының 69 жылдығы қала тұрғындары мен қонақтарының қатысуымен кең көлемде аталып өтті.
Мерекелік кешке Рудныйдан, Қостанай облысынан және еліміздің өзге өңірлерінен мыңдаған тұрғын жиналды. Сахна төрінде жергілікті шығармашылық ұжымдар мен өнерпаздар өнер көрсетіп, мерекелік көңіл күй сыйлады.

Кештің арнайы қонақтары — қазақстандық эстрада жұлдызы BayanSulu, әзербайжандық танымал әнші Roza Zərgərli және әлемдік эстрада аңызы Haddaway көрерменге ерекше әсер сыйлады.

Мерекелік кеш әсем отшашумен қорытындыланды.
Бұл туралы Рудный қаласының әкімі Виктор Ионенко айтып, мерекеге атсалысқан барша тұрғындар мен қонақтарға, сондай-ақ қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз еткен қызметтер мен ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.
«Рудныйымыз жылдан-жылға көркейіп, дамып, тұрғындары үшін жайлы әрі мақтан тұтар қала болып қала берсін!» — деді қала әкімі.
Сералы МЫРЗАБАЙ
Суреттерді түсірген Василий Васильев
