Арқалық әуежайы салтанатты түрде ашылды

Арқалық әуежайы салтанатты түрде ашылды

Арқалық өңірінің даму тарихына алтын әріппен жазылатын ерекше күн де келіп жетті.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Ұлттық Құрылтайдың IV отырысында берген тарихи тапсырмасы толықтай орындалып, халықтың көптен күткен арманы шындыққа айналды.

Президент тапсырмасымен салынған жаңа әуежай «Астана – Арқалық» бағытындағы көптен күткен алғашқы әуе рейсін зор қуанышпен қарсы алды.

blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank

Салтанатты шақта Қазақстан Республикасының Көлік вице-министрі Талғат Ластаев, ҚР Бас көлік прокурорының орынбасары Шыңғыс Арғымбаев, Қостанай облысы әкімінің орынбасары Берік Таңжарықов, мемлекеттік қызмет ардагері Сабыржан Ахметовтер құттықтау сөз сөйлеп, жылы лебіздерін білдірді.

«Міне, 34 жылдан соң Торғай даласында әуежай тарихы қайтадан қанат жайды. Мынау толқынысты сәтті бәріміз де асыға күттік. Көк аспаннан көз алмай осы күннің міндетті түрде туатынына кәміл сендік. Мемлекет қолдауының арқасында тарих қойнауындағы Торғай өңірі қайта түлеуде. Болашағымыз жарқын, келешегіміз кемел болсын», – дейді қала тұрғыны Қажымұқанбет Әбдікұлы.

Осылайша, бүгінде Арқалықтың мәртебесі қайта биіктеді. Қала жаңа бағыттарға әуе кеңістігін қайтадан ашты. Халыққа берілген мүмкіндіктің арқасында 80 мыңнан астам тұрғын еліміздің өзге өңірлеріне жедел әрі жайлы жетуге мүмкіндік алды.

 Мұрат Жүнісұлы

 Суреттерді түсірген – автор

                                                                                                                  Арқалық қаласы