Алтын дала ауылының аналары ашулы. Өйткені екі аптадан бері ауылда су жоқ. Ауыл тұрғындары редакциямызға хабарласып, мәселенің мән-жайын анықтап беруді өтінді.
Рудныйда қоқыс мәселесі әлі өзекті болып отыр
Рудный қаласын абаттандыру, санитарлық тазалығын сақтау, қалаішілік жолдарды қалыпқа келтіру – «қазаны оттан түспей» келе жатқан мәселе. Әсіресе, әсем қаланы қоқыс-қалдықтан арылту соңғы жылдары түйіні тарқамайтын түйткілге айналған.
Шаруалар жанайқайы: «Мал азығы жеткіліксіз»
Ауа райының қолайсыздығы теріскейдегі шаруаларға кері әсерін тигізіп отырған жайы бар. Меңдіқара ауданы Теңіз ауылының қарапайым тұрғындары былтыр жаздағы аптап ыстық пен күздегі жауын-шашынның салдарынан мал азығы қорын жеткілікті деңгейде дайындай алмағанын айтып дабыл қақты.
Жұрт тасқыннан бейнет көріп жатқанда жүргізушілер тасымал бағасын шарықтатып жіберген
Тасқыннан туған үйлерін тастай қашуға мәжбүр болып, көпшіліктің қолдау-демеуіне күні түсіп отырған жұрттың көз жасына қайық жүздіргісі келетіндер де кездеспей жатқан жоқ. Көңілге сыз түсіретін осындай бір оқиғаны облыстың бас имамы баяндап берді.
«Суағарлар бітеу, талабымыз ескерусіз». Қостанайлықтар қала әкімдігіне шағым түсірді
Қостанай қаласының солтүстік батыс аумағын су басып жатқаны туралы бұған дейін де хабарлаған болатынбыз. Бүгін сол ауданның тұрғындары қала әкімдігіне тағы да шағыммен жүгінді.
Тоқал сыйлау тренд пе?
Елімізде қыз алып қашуды ұлттық дәстүр деп насихаттағысы келетіндер бар. Бүгінгі қоғамда бұл – заңға қайшы әрекет. Оған тосқауыл қойылуы керек. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында осы жөнінде айтты.
Жерде жатқан «жер» жоқ
Өткен жылы Қостанайда коммерциялық нысан құрылысына 20 жер телімін жалға беруге бес аукцион өткізілген. Нәтижесінде бюджетке 201,5 млн теңге түсті. Бұл жер учаскелерінің бастапқы құны 20,9 млн теңгеден басталып, 10 есеге дейін артқан.
Жәнібектің руы бағаналы болуы мүмкін
Бұл туралы «Көреміз» бағдарламасының тікелей эфирінде»TreeGene» генетикалық зертханасының өкілі Ұлдана Көккөзова түсіндіріп берді.
Бұрысы қайсы, дұрысы қайсы?
Ауылдық жерлерде мал өсіріп, оның өнімін сатып күнелтіп отырған ағайын ветеринарлық-санитарлық инспекцияның талаптарына наразы.
Арқалықта зейнетақы бермей жатыр деген ақпарат рас па?
«Арқалықтың поштасы зейнетақы бермей жатыр» деген сөз желдей есіп кетіпті. Рас болса, бұл сұмдық қой. Мәселенің мән-жайын білмекке поштаға қарай асықтық. Кезекте тұрған халық нөпірі жоқ екен. Бірлі-жарымды адам кезегін күтіп отыр. Операторлардың бәрі жұмыс істеп тұр. Олай болса, мәселе неде?… Біз халыққа қызмет көрсету аясы туралы пошта басшылығынан сұрап білдік.