Үш күн бойы Қостанай өңірін дүбірге толтырған «Алтын микрофон – 2023» XХ Халықаралық әншілер байқауы да өз мәресіне жетті. Байқаудың шешуші кезеңінде еліміздің әр өңірінен және алыс-жақын шет елдерден келген жас әншілер өнер көрсетті.
Қостанайға ақтөбелік «Алақай» балалар театры келді
Қостанай облыстық қуыршақ театры мен Ақтөбенің «Алақай» қуыршақ театры арасында тәжірибе алмасу кездесуі өтті. Осы іс-шаралар балғындар жаңа қойылым тамашалап, қуанып қалды.
Облыстық филармония өнерпаздары джаз хиттерінен концерт берді
Джаз музыкасын сүйіп тыңдайтын көрермендер үшін Е.Өмірзақов атындағы Қостанай облыстық филармониясы концерт берді.
Қостанайда «Алтын микрофон» халықаралық байқауы басталды
Қостанайда бүгін «Алтын микрофон» халықаралық байқауы басталды. Осымен 20-рет өтіп отырған жас әншіре байқауына жеті елдің үміткерлері қатысып жатыр.
Кітапхана түні өтеді
21 сәуірінде Л.Н.Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы барлық тілек білдірушілер үшін әдеттен тыс жұмыс күнін ұйымдастырады.
«Аққауырсындықтар» ғашықтар күнін атап өтті
Қостанайдағы он жылға жуық тарихы бар «Ақ қауырсын» әдеби клубының жас қаламгерлерді бір арнаға тоғыстыруда атқарып келе жатқан еңбегі орасан зор. Күні кеше аталмыш клуб ғашықтар күніне орай «Жанымнан менің жырақтамашы» атты әдеби-сазды кеш ұйымдастырды.
«Сөйле, сурет!»
Елімізге және алыс-жақын шетелге есімі етене таныс суретші Аңсаған Мұстафа алғаш рет Қостанайға келді. Бүгін облыстық тарихи-өлкетану музейінде қылқалам шеберінің «Сөйле, сурет!» атты көрмесі ашылды. Бірінен бірі асып түсетін 56 сурет музейдің «Бейнелеу өнері» залына қойылған.
Бата – тынысың, тағам – ырысың
Осындай атаумен Сарыкөл аудандық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен тұңғыш рет қазақтың ұмыт болған ұлттық тағамдары мен бата беру дәстүрін дәріптеп, өнегелі салтын насихаттауға арналған аудандық сайыс өтті. Жайылған ақ дастарханда қазақтың ұмыт бола бастаған тағам түрлері самсап тұрды. Оны үлкендер жақсы білсе де, жастар үшін таңсық еді. Сайысқа атсалысқан қазақтың келіндері байқаудың шарты бойынша төңкерме, ұйқыашар, […]
Жауһардай жарқыраған DIAMONDS
23-26 наурызда Ташкент қаласында «Жаныңды салып би биле» атты халықаралық байқау өтті. Үздік ұжымдар бәсекесіне Бейімбет Майлин ауданына қарасты Тобыл кентінің DIAMONDS хореографиялық ансамблі қатысып, зор олжаға кенелді.
Бишілер шеберліктерімен бөлісті
Облыстық халық көркемөнерпаздар шығармашылығы және кинобейнқор орталығы облыстық білім басқармасымен бірлесіп шеберлік сыныбын өткізді. Ол Қостанай педагогикалық колледжінде өтіп, «Көркемөнерпаздар би ұжымдарындағы би композициясының қойылымдық жұмысы» тақырыбын қамтыды. Осылайша жиналғандар кәсіби деңгейді арттырып, озық тәжірибе алмасып, би композициясын сахналау жұмысының жаңа технологияларымен танысып, біліктілігін арттырды.
