Сонау тоқсаныншы жылдардың аяғында облыстық «Жас тұлпар» оқушылар айтысына Марғұлан Оспанов деген жаңа есім отты леп, тың оймен қосылған еді. Торғай дуанының Шилі ауылының шынашақтай тумасы бара-бара қатарының көш басына шықты. Тіпті, әлгі «сары бәлемен» сөз қағыстыруға көп қарсыластың дәті шыдамайтын.
Қызықты шеберлік сабағы өтті
№1 музыкалық мектепте шығармашылық тәжірибеге негізделген қызықты шеберлік дәрістері өтті.
«Көктем-қыздар» атты әншілер байқауы өз мәресіне жетті
Қаламызды екі күн бойы ән думанға бөлеген республикалық «Көктем-қыздар» атты әншілер байқауы бүгін өз мәресіне жетіп, жеңімпаздар марапатталды. Бұл байқаудың біздің өңір үшін орны бөлек. Неге десеңіз, ән додасы ҚР Еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, Қазақстан композиторлар Одағының мүшесі, әнші-композитор Қалибек Деріпсалдиннің 70 жылдық мерейтойына арналған.
Тобыл-Торғай төсінде ән думаны
Қостанайда ҚР Еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, Қазақстан композиторлар Одағының мүшесі, әнші-композитор Қалибек Деріпсалдиннің 70 жылдық мерейтойына арналған республикалық «Көктем-қыздар» атты әншілер байқауының бірінші кезеңі өтті.
«Таған» театры Сарыкөл сахнасында өнер көрсетті
Сарыкөл ауданына облыста былтыр ашылған «ТАҒАН» театры іссапармен келіп, белгілі режиссер, Қазақстанның халық әртісі Ерсайын Төлеубайдың «Ахмет, Әлихан» қойылымын қойды.
«Өнеріміз саған, Қазақстан!» атты XXXVI облыстық байқау-фестиваль шеруі Лисаковта өтті
«Өнеріміз саған, Қазақстан!» атты XXXVI облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы байқау-фестиваль шеруі Лисаков қаласында жалғасты. Жері жомарт, көптеген ұлт пен ұлыстарды бауырына басқа моно шаһар әрқашан талантты жандарға бай.
Кітапхананың ғажайып түні
Л.Толстой атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханада «Кітапхана түні» өтті. Осы жолы оқырмандарға арналып 40-қа жуық бөлім әзірленген.
«Ақ орамал» республикалық акциясы Қостанайда өтті
Халқымыздың дүниетанымында ақ орамалдың философиялық мағынасы тереңде жатыр. Ақ түс — абыройдың, ізгіліктің, адалдықтың белгісі. Ал, орамал — тазалықтың, нәзіктіктің нышаны және бір әулеттің келіні, отанасы, біреудің Құдай қосқан жары екеніңді білдіреді. Ертедегі қазақ әйелдері ақ жаулықты құрметтеп, әдеп сақтаған. Кейін, заманның ағымына сай орамал тағу үрдісі өгеріске ұшырады.
Айтыс өнерінің ақберені
Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде Қазақстанның халық ақыны Әсия Беркенованың 73 жасқа толуына орай осындай атаумен шығармашылық кездесу өтті.
Арқалықта аймақтық ақындар айтысы өтті
Ұлт батыры Амангелді Имановтың 150 жылдығы және халық ақыны Нұрхан Ахметбековтің 120 жылдығына орай «Ұлыдан ұлағат – ұрпаққа аманат» атты аймақтық ақындар айтысы өтті.
