Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде Қазақстанның халық ақыны Әсия Беркенованың 73 жасқа толуына орай осындай атаумен шығармашылық кездесу өтті.


Кеш барысында Әсия Беркенова өмірі мен шығармашылық жолы, айтыс өнері туралы айтып берді. Кездесуге келген зиялы қауым, ақынның шәкірттері және мекеме-ұжым басшылары әйгілі ақын туралы жүрекжарды лебіздерін айтып, сый-құрметтерін көрсетті. Жас өнерпаздар ән-күйден шашу шашты.









Сондай-ақ, ақын “айтыстың қос ақ берені” атанған, бір жылы, бір күнде дүние есігін ашқан құрбысы, Қазақстанның халық ақыны, марқұм Әселхан Қалыбекованың есімі жазылған домбыраны Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейіне сыйға тартты.
