Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі мен «ҚазАвтоЖол «ҰК» АҚ мұрындық болған «Халықтық бақылау» жобасы республикалық маңызы бар автожолдардың сапасын жақсартуға бағытталған.
Ikomek: Қостанайда «Жол картасы» әзірленіп, пилоттық жоба іске қосылды
Жыл басынан бері Ikomek ахуалдық орталығына 38 518 өтініш келіп түскен. Оның тең жартысына жуығы алғашқы қоңыраудан-ақ кеңес арқылы шешімін тапқан. Бүгінде өтініштердің 36 625-і пысықталу үстінде, 1893-і орындалып жатыр.
Қостанайдың кейбір аудандары салқын судан уақытша ажыратылады
Бұл жөнінде «Қостанай-Су» мемлекеттік коммуналдық мекемесі хабарлайды.
Қостанайда әйелдер арасында Құраннан жарыс басталды
Ондай жарыс облыста қыздар арасында алғаш рет ұйымдастырылып отыр.
Қостанайлықтар майдангерлерге тағзым етті
Ардагерлеріміздің майдан даласындағы шайқаста от пен оқтың ортасында көрсеткен ерлігі мен батылдығы, тылдағы еңбегі жауды тізе бүктірді.
Жолдар жаңарып, көшелер көріктенеді
Көктемде телегей-теңіз су айдынына айналған Тобыл өзенінің жан-жағын абаттандыру жұмыстары қолға алынбақ. Мұнда ұзындығы 500 метрден астам жағалауға тірек қабырғалары орнатылып, 108 шағын мүсін, 16 ойын алаңы салынады.
Жүз жасаған абыз ақсақал Қазақстанның құрметті журналисі атанды
Бүгін қарт майдангер, облыстық «Қостанай таңы» газетінің ардагері, ғасыр жасаған атамыз Қасымхан Алдабергенұлы Қазақстан журналистер одағының мүшелігіне өтіп, «Қазақстанның Құрметті журналисі» медалін кеудесіне тақты.
Биыл Қостанайда 22 көп пәтерлі тұрғын үй бой көтереді
Оның жетеуі бюджет қаржысы есебінен салынады. Қала аумағында 2500 гектар жалпы алаңға егжей-тегжейлі жоспарлаудың 21 жобасы және төрт құрылыс жобасы әзірленіп, бекітілген.
9 мамырда Қостанайда дәстүрлі «Естелік» жеңіл атлетикалық жүгірісі өтеді
Жеңіс күніне арналған іс-шараға оқушылар да, егде жастағы тұрғындар да қатыса алады. Жарысты қалалық Дене шынықтыру және спорт бөлімі, «Наш Қостанай» газетінің редакциясы бірлесіп ұйымдастырғалы отыр.
Этномәдени бірлестіктер сенбілікке шықты
Осыдан бес жыл бұрын Гашек көшесі бойындағы жағалауда бірлік күнін мерекелеу аясында «Достық» аллеясын құру қолға алынған еді. Оған алғашқылардың бірі болып корей қауымдастығы қолдау білдірді. Бүгінде жағалауда қауым өкілдерінің қолымен отырғызылған қайың ағаштары жайқалып тұр. Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы «Таза Қазақстан» республикалық акциясының аясында осы аллеяны тазартып жатыр.