Ikomek: Қостанайда “Жол картасы” әзірленіп, пилоттық жоба іске қосылды

Ikomek: Қостанайда “Жол картасы” әзірленіп, пилоттық жоба іске қосылды

Жыл басынан бері Ikomek ахуалдық орталығына 38 518 өтініш келіп түскен. Оның тең жартысына жуығы алғашқы қоңыраудан-ақ кеңес арқылы шешімін тапқан. Бүгінде өтініштердің 36 625-і пысықталу үстінде, 1893-і орындалып жатыр.

Қала әкімінің тапсырмасымен “Жол картасы” әзірленіп, пилоттық жоба іске қосылды. Жоба шеңберінде тұрғындармен тығыз жұмыс істеп, өзекті мәселеге жедел ден қою үшін жергілікті тұрғындар арасынан әр ауданға жауапты адам бекітілген. Екі жыл бұрын олар ахуалдық орталыққа жұмысқа қабылданған.

            “Лидия Шмилер Аманкелді, Қонай, Ударник және Дружба ауылына жауапты. Жыл басынан бері ТКШ бөлімімен және мердігер ұйыммен бірлесіп 163 мәселе қаралды. Бүгінгі күні 137-і шешілсе, 26-сы пысықталу үстінде. Мысалы, ескі Қонайда Шаңырақ және Болашақ көшелерінде жарықтандыру жұмысы атқарылды. Аманкелді ауылындағы көшелерге тас жол төселіп, 6 қоқыс алаңы абаттандырылды. Қонайдағы 47 үйге көгілдір отын тарту мәселесі қаралып жатыр. Бұл ауылдарда сенбілік жұмыстары ұдайы жүргізіліп тұрады”, – деді Қостанай қаласы әкімдігінің Ikomek ахуалдық орталығының басшысы Әзел Айсабаева.

Кезек күтіп тұрған жұмыстарда едуір. Дружба ауылында балалар ойын алаңы жөнделеді. Степной көшесіне тас жол салынып, Парковый және Пионер көшелеріне тротуар төселмек.

            “Қостанай-2, Солтүстік-Батыс, Юбилейный, Алтын-Арман аудандарына жауапты Бибігүл Ибраева. Бұл ауданнан да жыл басынан бері келіп түскен 177 мәселенің 140-ы шешімін тапты. Балалар ойын алаңы жөнделіп, Кәмшат Дөненбаева және Станционный көшелеріне жаңа жарық шамдар орнатылды. Биыл Станционный, Белинский, Жуков және Достық көшелеріне жарық шамдары орнатылады. 24 аялдама сырланып, әктеліп жаңына қоқыс жәшітері қойылады. Енді Станционный және Крупская көшелерінде қураған қамысты шабу керек”, – деді орталық басшысы.

Қала әкімі Марат Жүндібаев орталық жұмысын жақсы бағалады. Өзге сала тәрізді кемшін тұстары барын да жасырмады. Бірақ жалпы алғанда көңілі толатынын жеткізді. Ахуалдық орталықтың арқасында халық пен билік арасында тағыз қарым қатынас орнағанын да жеткізді.

            “Әр аппараттық жиында орталыққа келіп түскен өзекті мәселелерді қарыстырып келеміз. Нәтижесін көріп отырмыз. Шағын мәселе болса да, шешімін тауап жатыр. Әр кезеңнің өзінің мәселесі бар. Орталықта жұмыс істейтін 25 адам қаланың ахуалын бақылауда ұстап отыр. Әр ауданға жауапты адамдардың да жұмысын жақсы бағалаймын. Су тасқыны кезінде тәулік бойына тыным таппады. Тұрғындардың өтінішін жеткізіп, мәселені жедел шешуге атсалысып жүр. Алдағы уақытта да қандай да бір мәселені жасырып қалмай, ұдайыьжәрдемдесе беріңіздер. Мәселені рет-ретімен шешеміз. Жылы аялдамаларға жеке тоқталғым келеді. Біз орнатудан тартынбаймыз. Бірақ күтіп ұстауына келгенде мәселе туындайды. Кей бұзақылар сындырып жатыр. Шынысы қалың, қалай және не үшін шағатынын түсінбеймін. Полиция оларды ұстап, жазасын беруі қажет. Қаланың дамуына барынша күш жұмсап жатырмыз, бірақ осындай кері тартып тұратын жағдайлар кездесіп жатады”,– деді Қостанай қаласының әкімі Марат Жүндібаев.

Сералы Мырзабай

фото: ng.kz 

Жаңалықтармен бөлісу