Ондай жарыс облыста қыздар арасында алғаш рет ұйымдастырылып отыр.
“Облыстық деңгейдегі жарыста қатысушылар Құранның 30-шы парасын жатқа және мәнерлеп оқуы керек. Ауқымды жиынға ҚМДБ-ның әйел-қыздар секторының меңгерушісі Динара Кұтқожакызы Нұрғалиева мен Республикалық Бас мешітінің ұстазы, қари Фарида Маратқызы Айтжан арнайы шақырылды”, – жарысты ұйымдастырып жатқан облыстық мешіттің өкілдері.
Бұл Құран жарысында 50-ге жуық шәкірттер өз бақтарын сынап жатыр.