Жүз жасаған абыз ақсақал Қазақстанның құрметті журналисі атанды

Жүз жасаған абыз ақсақал Қазақстанның құрметті журналисі атанды

Бүгін қарт майдангер, облыстық «Қостанай таңы» газетінің ардагері, ғасыр жасаған атамыз Қасымхан Алдабергенұлы Қазақстан журналистер одағының мүшелігіне өтіп, «Қазақстанның Құрметті журналисі» медалін кеудесіне тақты.
Қазақстан журналистер одағының сәлемдемесін облыстық филиал жетекшісі Александра Серғазинова және “Костанайские новости” газетінің бас редакторы Олег Гурский ақсақалға  табыстады.

«Бұл – маған артылған тағы бір жауапкершілік әрі құрмет»,– деді марапат иесі.

«Қостанай таңы» газетінің бас редакторы Кенжеш Оразғалиқызы ардагердің өнегелі өмірі кейінгілерге үлге екенін тілге тиек етті. Редакция атынан сый-сияпат ұсынды.

Атамыз ғасыр жасына дейін қарашаңырақпен қатар келе жатыр. Жітіқара ауданында туып-өсіп, бала жасынан шығармашылыққа ден қойды.

«Ес білгенімде біздің ауыл ұжымшар болып жатты. Анам сауыншы болды. Сонда іргеден су тасып, қырдан шөп шауып, үй шаруасына қолғабыс еттім. Он сегізден он күн аса бергенімде майданға аттандым», – деп еске алады қария.

Екінші дүниежүзілік соғыстан аман-есен елге оралып, балалы-шағалы болды. Өзімен тетелес «Қостанай таңы» газетіне қызметке орналасты.

Жыршылық дәстүрді жанына серік етті. Ғасырлық жылнамаларды жинақтап, баспа бетіне жариялады.

«Ол кезде латын әліпбиімен жазатынбыз. Әр дыбысқа – жиырма тоғыз таңба. Тап-таза, жинақы сөйлемдер елге шүбәсіз тарап отыратын», – дейді үш ғасырдың куәсі болған Қасымхан ақсақал.

Суреттерді түсірген Бердіболат Көркембаев

Жаңалықтармен бөлісу