Қостанайдағы индустрия аймағы, “Қонай” және “Юбилейный” шағын аудандарындағы сумен жабдықтау желісінің 79% және су бұру желісінің 71% тозып тұр. Бұл туралы қалалық әкімдікте өткен жиында “Қостанай-Су” кәсіпорнының басшысы Қазбек Шалабаев айтты.
Жолдағы ақауларды жоюға мердігерлер 240,5 млн теңгеден астам қаражат бөлді
Жолдарды салу және жөндеу кезіндегі негізгі ереже бұзушылықтарға тығыздау коэффициенттері бойынша сәйкессіздік, асфальттың аз қалыңдығы, сондай-ақ жол төсемдерінде жарықтардың тез пайда болуы жатады. Бұл туралы Ұлттық жол активтері сапасы орталығының Қостанай филиалында айтылды.
Қостанай облысында көлік инфрақұрылымының 2 ірі нысаны пайдалануға беріледі
Өңірде «Қарабұтақ-Қостанай» автожолы мен Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай қаласы әуежайы ғимаратындағы күрделі жөндеу жұмыстары аяқталу алдында тұр. Көлік министрі Марат Қарабаев Қостанай облысына жұмыс сапары барысында өңірдің негізгі көлік инфрақұрылымы объектілерінің жай-күйімен танысып, оларды жаңғырту жұмыстарын бағамдап қайтты.
Жол жауапсыздықты көтермейді
Жол жөндеу және оның күтімі – қашаннан-ақ өзекті мәселе. Жыл сайын миллиардтап қаржы құйылса да, бүтінделіп, тегістеліп жатса да түйткілі таусылмай келеді. Оған себеп – сапаға селсоқ қарау, сенім артылған мердігерлердің жауапсыздығы, қаражаттың ретімен игерілмеуі… Облыс әкімдігінде өткен жиында осы салада атқарылған жұмыстар мен күрмеулі мәселелер талқыға алынды.
Қостанайда демалыс орындары бар саябақ пайда болады
Қостанай қаласының әкімі Марат Жүндібаев осы жылы атқарылған аула аумақтарын абаттандыру жұмыстарының нәтижесімен танысты.
Қостанайда жаңа бағдаршамдар сыр беріп жатыр
Биыл қалалық әкімдік бюджеттен 19 бағдаршамды жаңартуға қаржы бөлген. Десекте, жаңадан орнатылған бағдаршамдардың өзі жиі істен шығатыны байқалады. Марат Жүндібаев олқылықты жойып, дереу дұрыстау жөнінде тапсырма берді.
Қостанайдағы бөбекжайларға өткізу пунктері орнатылмақ
Бүгінде білім ордаларының барлығына 100% бейнебақылау камерасы орнатылған. Мұның сыртында, дауыстық ескертулерімен және жедел басқару орталығына шығатын дабыл түймелерімен жабдықталған. Бұл туралы қала әкімдігінің аппарат мәжілісінде айтылды.
Қостанайда “Береке”, “Әуежай” шағын аудандарына қатынайтын күре жол пайдалануға берілді
Жолдың ұзындығы – 1,1 шақырым. Екі қозғалыс жолағы, жаяу жүргіншілерге және велосипедпен өтуге арналған жолдары бар. Жарықтандыру, азаматтардың қауіпсіздігіне қажетті барлық белгілері жан-жақты ескерілген.
Қостанайда смарт-орталық ашылды
Қостанай қаласының «Юбилейный» шағын ауданында «IQOSTANAY» оқушылар сарайы пайдалануға берілді. Мұнда 600-ден астам бала түрлі үйірмеге қатысып, жан-жақты дамуына мүмкіндік алмақ.
Қостанайда атауы бірдей көшелер адамдарды шатастырып жатыр
Қостанай қаласында 2017-2022 жылдар аралығында 7 көшенің атауы ауысқан. Ал, аты қайталанатын 23 көше бар. Әкімдікте өткен жиында қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Сәуле Әзімжанова ономастикалық жұмыс жөнінде баяндап берді.