Қостанай қаласында құрылыс екпіні үдеп, зәулім ғимараттардың қатары жыл сайын толығуда. Шаһардың әр жерінде көп қабатты тұрғын үйлер салынып, тұрпаты келіскен мөлтек аудандар құрылды.
Костанай облысында жол сапасы қалай тексеріледі?
Әр жүргізуші тегіс асфальтпен келе жатып, дөңгелегінің астында не жатқанын сирек ойлайды. Көпшілік үшін жол жабыны – көкжиекке созылып жатқан қара жолақ қана. Ал Қостанай облысы бойынша жол активтерінің ұлттық сапа оратлығының мамандары үшін автожолдың әрбір учаскесі – сапасы миллиметр мен грамға дейінгі дәлдікпен бағаланатын күрделі инженерлік «қабаттардан» тұратын құрылым.
Әр туындыда — бір тағдыр, әр бояуда — бір сезім
Қостанайда жүректен шыққан ерекше туындылар бір көрмеде тоғысты. «Өнер — өмір тынысы» облыстық инклюзивті көрмесі арнайы әлеуметтік қызмет алушыларының шығармашылық әлемін көпшілікке таныстырып, өнердің адамға қанат бітіретінін тағы бір мәрте дәлелдеді.
Жаңа алаң пайда бола ма?
Қостанайда мерекелік іс-шараларды өткізуге арналған ауданы алты гектар болаты алаң пайда болуы мүмкін. Көп функционалды кеңістік Колесные ряды ауданының аумағында құрылмақ.
Қостанайда «Осьминог» аквапаркі ресми түрде ашылды
Бұл – елімізде теңдесі жоқ, бір мезетте 500 адамды қабылдауға қаухарлы жабық аквопарк кешені. Жалпы аумағы екі есеге ұлғайып 9 мың шаршы метрден, ал су айдынының көлемі 1 мың шаршы метрден астам. Бес бассейн, жеті су сырғанағы, балалар аймағы, толқынды бассейн, джакузи және фуд-корт бар.
Қостанайда үш мыңға жуық бала жағажайда қараусыз жүрген
Жазғы мезгілде жағажай маңынан 22 871 бала көзге түссе, соның үш мыңға таяуы ересектердің қарауынсыз жүргені анықталған. Ол туралы қалалық білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Бибі Қарыбаева мәлімдеді.
Қостанайда үш айда екі адам суға кетті
Қостанай қаласында шомылу маусымы ресми түрде жабылды. Өкінішке қарай, үш айға созылған кезеңде екі адам суға кеткен. Десек те алдын алу жұмыстары арқасында қайғылы жағдайлардың саны биыл біршама азайған.
Жаңғырған нысан, жаңарған келбет: Қостанайда теміржол вокзалы ашылды
Бүгін Қостанай қаласындағы темір жол вокзалы толық жаңғыртудан кейін пайдалануға берілді.
Қостанайда мемлекеттік қызмет электронды форматқа көшті
Қала тұрғындары соңғы жылдары жер телімдерін алуға аса қызығушылық танытуда. Бұл бағыттағы мемлекеттік қызметтер қазір 98% онлайн форматта көрсетіледі. Заманауи тәсіл саланың ашықтығын және әділдігін қамтамасыз ету үшін қолға алыныпты.
Қостанайда «Әділет» партиясының өкілдері оқушыларға қолдау көрсетті
Жаңа оқу жылының қарсаңында «Әділет» партиясының бастамасымен 20 оқушыға мектепке қажетті барлық кеңсе тауарлар мен оқу құралдары толық салынған жаңа сөмкелер табыс етілді.
