Қостанайлық «Hard Chord» ансамблі «Arte Italiana» фестивалінде қос жүлдеге ие болды

Қостанайлық «Hard Chord» ансамблі «Arte Italiana» фестивалінде қос жүлдеге ие болды

Қостанайдағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің «Hard Chord» вокалды-аспаптық ансамблі Астана қаласында өткен VII халықаралық өнер байқауында жоғары нәтиже көрсетіп, екі жүлделі орынға ие болды.

15–18 жас аралығындағы қатысушылар санатында өнер көрсеткен ансамбль екі әнімен де үздіктер қатарынан көрінді. Атап айтқанда, «Эй, лапылда!» әнімен І орын, ал «Қайда» әнімен ІІ орын иеленді.

Бұл – жас өнерпаздардың таланты мен тынымсыз еңбегінің, шығармашылық ізденісі мен сахнадағы шеберлігінің жемісі.

Өнерлі өрендерді жарқын жеңістерге жетелеген – ансамбль жетекшісі Болат Сейтмұратов.