«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫ: Мүгедектігі бар адамдар үшін 580-нен астам нысан бейімделеді

«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫ: Мүгедектігі бар адамдар үшін 580-нен астам нысан бейімделеді

«Әділет» партиясынан партиялық тізім бойынша Қостанай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидат Аруна Жақсағұлова Қостанай қалалық мүгедектігі бар адамдардың ерікті қоғамының өкілдерімен кездесті.
Әңгіме барысында мүгедектігі бар адамдардың күнделікті өміріне тікелей әсер ететін мәселелер қозғалды. Атап айтқанда, қала инфрақұрылымының қолжетімділігі, тең мүмкіндіктер мен әлеуметтік қолдау жайы талқыланды. Әр адам қала ішінде кедергісіз жүріп-тұрып, қажетті қызметтерді алып, еңбек етіп, қоғамдық өмірге белсенді араласа алуы керек.

«Қолжетімді орта дегеніміз – тек пандустар орнату немесе ғимараттарды бейімдеу емес. Бұл – адамның өздігінен жүріп-тұруына, қажетті қызметтерді алуына, жұмыс істеуіне және қоғам өміріне еркін араласуына мүмкіндік беру. Сондықтан бағдарламада нақты міндеттер мен көрсеткіштер белгіленген. Ең бастысы – олардың қағаз жүзінде қалмай, күнделікті өмірде жүзеге асуы», — деді Аруна Жақсағұлова.

blankБұл міндеттер «Әділет» партиясының 2026–2031 жылдарға арналған өңірлік сайлауалды бағдарламасында да қамтылған. Атап айтқанда, «Кедергісіз келешек» жобасы аясында 1 500-ден астам іс-шара өткізу, мүгедектігі бар адамдар үшін 580-нен астам нысанды бейімдеу және 1 200 адамды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жоспарланған.

Дайындаған: «Әділет» партиясының Қостанай облыстық филиалының баспасөз қызметі.
Тапсырыс беруші: Аққожина. Б.Б.
Материал Қостанай облыстық мәслихаты депутаттарын сайлауда

партиялық тізімді ұсынған «Әділет» партиясы» ҚБ

сайлау қорының қаражаты есебінен төленді.