Қостанай облысы Кәсіпкерлер палатасында әйелдер кәсіпкерлігін дамытуға арналған кездесу өтіп, онда бизнестегі әйелдердің рөлін арттыру, өңіраралық әріптестікті нығайту және жаңа жобаларды іске асыру мәселелері қарастырылды.
Құрметті қала тұрғындары!
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі хабарлайды: ағымдағы жылдың 11 мамыры мен 31 шілдесі аралығында жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты Шақшақ Жәнібек батыр көшесінің Карбышев көшесінен №5 емханаға дейінгі бөлігінде қозғалыс уақытша жабылады. Осыған байланысты №3 және №5 маршруттардың қозғалыс сызбалары өзгертілді.
Ит дауы қайта ушықты
Бұралқы иттер мәселесі қоғамда қайта талқылана бастады. Бірі иесіз итті асырап баққанның адамға қаупі басым, ең абзалы мәңгілік ұйқыға жіберу дейді. Екінші тарап ит емес иесін жазалаған дұрыс, қорғансыз жануарларға жанашырлықпен қарауымыз керек деген уәж айтуда.
Арқалықта ардагерлерге арналған жаңа жоба қолға алынды
Жоба спорттық және мәдени шаралар арқылы зейнет жасындағы азаматтардың қоғамдағы белсенділігін арттыруға бағытталған.
Қостанайдағы түзету мекемесіне заманауи «Сөйлефон» бейнеқұрылғысы орнатылды
Бұл құрылғылар 38 мекемедегі жазасын өтеушілерге өз туыстарымен бейнебайланыс арқылы тұрақты қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік береді.
Тобыл төрінде ардагерлер бас қосты
Аймақтың ақсақалдар жиынында облыстың әр аудан-қалаларынан жүзден астам өкіл төбе көрсетті. Облыс басшысы Құмар Ақсақалов елдің дуалы ауыз көнекөздерін конференцияның ашылуымен құттықтады.
«Күнде жұмысқа асығып келемін»
Бұл – Құралай ханымның өмірге, ісіне, адамдарға деген көзқарасын білдіретін бір ғана ұстанымы. Ол Қостанайдағы педагогика институты тарих факультетінің түлегі, отыз жылдан астам уақытын оқу-ағарту саласына арнаған білікті мұғалім.
Қостанайда жазасын өтеушілер кәсіби куәлік алды
ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының тапсырмасын іске асыру аясында №38 мекемесінде сотталған азаматтарды кәсіби даярлау бағытында маңызды жоба жүзеге асырылды. Аталған бастама қайта әлеуметтендіру саясатының тиімді тетіктерінің бірі ретінде сотталғандарды еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтарға оқытуға бағытталған.
Бірнеше жерде жұмыс істеуге тыйым салынғаны рас па?
Енді тіркеусіз адамдарға зейнетақы мен жәрдемақы берілмейді деген ақпарат шықты. Сондай-ақ, Қазақстанда екі жерде жұмыс істеуге шектеу қойылмақ. Сарапшылар бұл туралы не дейді? Заң мен Еңбек министрлігінің ұстанымы қандай? Ozgeris.info осы сұрақтарға жауап іздеп көрген.
Astana Media Week – 2025: Орта Азиядағы ең ірі медиа апталығы басталды
Астанада дәстүрлі Astana Media Week – 2025 апталығы өз жұмысын бастады. Үш күнге жалғасатын айтулы іс-шара биыл «Ұлтқа қызмет ету – медиа миссиясы» тақырыбымен өтіп жатыр.
