Аймақтың ақсақалдар жиынында облыстың әр аудан-қалаларынан жүзден астам өкіл төбе көрсетті. Облыс басшысы Құмар Ақсақалов елдің дуалы ауыз көнекөздерін конференцияның ашылуымен құттықтады.

“Бұл конференция – маңызды мәселелерді саралап, алдағы міндеттерді айқындайтын жауапты алаң. Құрмет пен ұйымшылдықтың арқасында қоғамдық өмірден лайықты орын алып отыр. Ардагерлер – кешегі тарихтың куәгерлері, бүгінгі тәлім мен тәрбиенің бастауы. Сіздердің өмір жолдарыңыз, еңбек пен ерлікке толы тағдырларыңыз жас ұрпақтың бойына патриоттық сезім мен адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруға зор ықпал етеді. Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы дамуына өлшеусіз үлес қостыңыздар. Өмірлік тәжірибе, даналық жолдарыңыз өскелең ұрпақ үшін үлкен өнеге. Ұлттық құндылықтарды дәріптеуге белсене атсалысып келе жатқандарыңыз үшін баршаңызға алғыс айтқым келеді”, – деді облыс әкімі.
Бүгінгі таңда ардагерлерге жан-жақты қолдау көрсетуге жүйелі жұмыс жүргізіліп жатыр. Әлеуметтік көмек көрсету, медициналық қызметтерге қолжетімділікті қамтамасыз ету, тұрмыстық жағдайларды жақсарту бойынша нақты шаралар іске асырылды. Жергілікті атқарушы органдар тарапынан ардагерлердің өмір сапасының арттыруға, олардың қоғам өміріне белсене араласуына жағдай жасауға көңіл бөлінеді.
Бұл жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады. Бұл туралы облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Батырбек Ахметов жік-жігімен тігісін жатқызып әңгімелеп берді.

Ардагерлердің орталық аппарат кеңесінің төрағасы Бақтықожа Ізмұхамбетовтің лебізін оқып. Он екі өңірмен құттықтау хат алмасты.

Отырыстың негізгі кезеңінде алдағы міндеттерді айқындады. Облыс басшылығы тарапынан Арқалық қаласының мерейтойына бір кісідей жұмылу назарға алынды. Ол туралы облыс әкімі Құмар Ақсақалов мәжіліске қатысушыларды бір серпілтіп тастады.
“Өздеріңізге белгілі, биыл Арқалық қаласының жетпіс жылдығы келе жатыр Ол қалада үлкен әуежай құрылысы жүріп жатыр. Басында кедергілер болғанымен, бүгінде толық шешімін тапты. Бір сөзбен айтқанда, ол жақтағы жұмыс қарқыны күшті. Шілденің аяғында жұмысты толық аяқтайтын боламыз”, – деді әкім.
Ардагерлерді қаланың мерейтойына бір кісідей қатысуға шақырды.
Айбек ЖҮЗБАЙ
Суреттерді түсірген Бердіболат Көркембаев
