Қостанайдағы түзету мекемесіне заманауи «Сөйлефон» бейнеқұрылғысы орнатылды

Қостанайдағы түзету мекемесіне заманауи «Сөйлефон» бейнеқұрылғысы орнатылды

Бұл құрылғылар 38 мекемедегі жазасын өтеушілерге өз туыстарымен бейнебайланыс арқылы тұрақты қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік береді.

Қарапайым көрінгенімен, мұндай байланыс түрі олардың жан дүниесіне жылулық сыйлап, жақындарымен арадағы байланысты үзбеуге септігін тигізеді.

Отбасымен тұрақты қарым-қатынас – тұлғаның түзелу жолындағы маңызды факторлардың бірі. Осы орайда «Сөйлефон» құрылғылары олардың әлеуметтік байланыстарын сақтауға, қоғамнан алшақтап кетпеуіне және болашақ өмірге деген сенімін арттыруға оң әсерін тигізуде.

Мекемеде қолға алынған мұндай игі шаралар  моральдық-психологиялық жағдайды жақсартуға ықпал етіп қана қоймай, олардың қайта қылмыс жасау тәуекелін төмендетуге де өз үлесін қосуда. Бұл – қоғамға қайта оралатын азаматтардың дұрыс жолды таңдауына бағытталған маңызды қадамдардың бірі.