ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің «AI SANA» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында ұйымдастырылған байқауда Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық университетінің студенттері «ЖИ-технологияларын тәжірибеде ең үздік қолдану» номинациясына ие болды.
Қатысушылар: Информатика бағдарламасының 1-курс студенттері Данияр Жауғашты, Еркебұлан Тағанбай және Информатика, ақпараттық коммуникациялық технологиялар және робототехника бағдарламасының 3-курс студенті Бекзат Жеңіс. Ғылыми жетекші – Жаратылыстану және ақпараттандыру факультетінің аға оқытушысы, магистр Медет Елубаев. Жобаның тақырыбы – Оқу материалдары негізінде тесттерді автоматты түрде генерациялауға арналған интеллектуалды Telegram-бот.
Жобаның мақсаты мен міндеттері: Студенттерді емтиханға дайындаудың тиімділігін арттырып және білімді тексеру процесін оңтайландырып, оқу материалдары негізінде тест тапсырмаларын автоматты түрде генерациялау үшін жасанды интеллект технологияларын қолданатын интеллектуалды Telegram-ботты әзірлеу және енгізу. Білім беру процесінде қолданылатын заманауи цифрлық құралдар мен автоматтандырылған тестілеу жүйелерін талдау. Сондай-ақ білім беру ортасында Telegram боттарын пайдалану мүмкіндіктерін зерттеу. Студенттерді емтиханға дайындау үшін интеллектуалды Telegram-бот жүйесінің архитектурасын әзірлеу.Жасанды интеллект негізінде тест тапсырмаларын генерациялау модулін әзірлеу.Telegram-бот арқылы студенттердің тестілеуден өту функционалын іске асыру. Жауаптарды автоматты түрде тексеру және тестілеу нәтижелерін сақтау жүйесін жасау.
Зерттеу нысаны мен қолдану саласы: Білім беру ортасын цифрландыру процесі және студенттердің білімін бақылауды автоматтандыру үшін интеллектуалды жүйелерді қолдану.
Жүйе студенттерді емтиханға дайындау және білімді тестілеу үшін білім беру мекемелерінде (колледждер, университеттер) қолдануға арналған.
Практикалық маңыздылығы — әзірленген жүйені колледж, университет оқытушыларына, сондай-ақ студенттерді емтиханға дайындау процесін автоматтандыруға пайдалануға болады.

«AI SANA – Digital Kazakhstan: Projects of the Future» атты республикалық жобалар байқауы І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары студенттері арасында өткен еді.
Мұрат Жүнісұлы,
Арқалық қаласы
