Қостанайда жаңа үлгідегі жылу есептегіш қолданысқа енді

Қостанайда жаңа үлгідегі жылу есептегіш қолданысқа енді

Қостанайдағы коммуналдық мекемелер цифрлық және заманауи озық технология шешімдерін белсенді қолданылуға көшті. 

Облыс орталығындағы «ҚЖЭК» кәсіпорны көп қабатты үйлерге цифрлық есептегіш қондырғылар орнатып, тұтынушылар жаңашылдықтың игілігін көруде.

blank blank Облыс әкімі Құмар Ақсақалов бүгін түс ауа қаладағы Бородин көшесі 111 мекен жайына арнайы соғып, көп қабатты тұрғын үйдегі жаңа үлгідегі есептегіш құралының жұмысымен танысты.

blank

blank

Цифрлық есептегіш деректерді қашықтан жіберуге қабілетті және мәліметтердің ашық, дәл жүргізілуіне жағдай жасайды. 2024 жылы қаладағы 717 нысанға осындай заманауи есептегіш қондырғы орнатылыпты. Ал былтыр 210 нысанға қойылған.

blank blank

«Биылғы жылу беру маусымы аяқталуға жақындады. Жобамен 20-сәуірге қарай облыс бойынша жылу беруді тоқтатамыз. Қалалар мен аудандардағы күн райының ахуалы ескеріледі. Кестеге сәйкес жылу кезең-кезеңімен өшіріледі. Биылғы  маусымда облыс бойынша жылыту желілерінде жалпы саны 134 апат анықталды. Ал ірі апат тіркелген жоқ. Өткен жылдардың көрсеткішін сараласақ, 2022-2023 жылдары 830 апат тіркеліпті. Апаттар саны 6 пайызға азайып отыр. Бұл нәтиже – былтыр жазда атқарылған әзірлік шараларының жемісі.  Қазір тұрғындарға әділ тариф ұсынылуда. Біз үш жыл қатарынан бюджет қаражаты есебінен инфрақұрылымды жаңғыртуға арнайы қаражат бөлудеміз. Мұндай қолдау жылу энергетикалық компаниясының шығынын азайтуды, тұтынушыларға негізсіз салмақ салмауды көздейді»,– деді облыс әкімі.

Қымбат ДОСЖАНОВА,

Суреттерді түсірген Бердіболат КӨРКЕМБАЕВ