«Әділет» партиясы алдағы уақытта өңірлердегі жұмысын жандандырып, филиалдық желісін кеңейтуді жоспарлап отыр. Бұл туралы партияның II съезінде «Әділет» партиясы бастамашыл тобының мүшесі Бөріхан Нұрмұхамедов мәлімдеді.
– Бұл партияның жергілікті жерлердегі ұйымдастырушылық негізін қалыптастырады. Өңірлік конференциялар партияның тұрақты жұмысын жолға қойып, қоғаммен байланысын нығайтуға мүмкіндік береді. Біз «Әділет» төңірегіне белсенді азаматтарды, кәсіпкерлерді, кәсіби қауымдастық өкілдерін, жастар мен қоғам қайраткерлерін біріктіруді көздейміз. Партияның кадрлық әлеуеті мен қоғам алдындағы беделі ең алдымен өңірлерде қалыптасады, — деді Бөріхан Нұрмұхамедов.
