Қазақстан тарихта тұңғыш рет бизнес пен мемлекеттік басқару саласындағы әйел көшбасшылардың әлемдегі ең ірі форумдарының бірі — Global Summit of Women жиынын қабылдауы мүмкін. Бұл туралы «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ баспасөз қызметі мәлім етті.
– Ұлттық компания ретіндегі біздің басты міндетіміз — синергиялық тиімділік қалыптастырып, іс-шараға келген әрбір қатысушының елімізде толыққанды турист ретінде уақыт өткізуіне жағдай жасау. Осындай бір ғана демалыс күндерінің өзі қонақүйлерді толтырып, қоғамдық тамақтану және қызмет көрсету саласының жұмысын жандандырады, сәйкесінше қала экономикасына орасан зор табыс әкеледі, – деп атап өтті «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Талғат Ғазизов.
