Арқалықта ардагерлерге арналған жаңа жоба қолға алынды

Арқалықта ардагерлерге арналған жаңа жоба қолға алынды

Жоба  спорттық және мәдени шаралар арқылы зейнет жасындағы азаматтардың  қоғамдағы белсенділігін арттыруға бағытталған.

«Бұл жоба аясында танымдық кездесулер мен денсаулықты нығайтуға арналған мәдени демалыс кештері өткізіледі. Жеңіл жаттығулар мен серуендер, қолөнер үйірмелері, цифрлық сауаттылықты арттыру курстары жоспарда тұр. Аға буын өкілдерінің өмірлік тәжірибесін жастарға үлгі ету үшін еркін форматтағы сұхбат алаңдары ұйымдастырылады. Бұл өз кезегінде қоғамдағы өзара түсіністік пен сыйластықты арттыруға ықпал етеді», – дейді «Белсенді ұзақ өмір сүру» жобасын қолға алған «Жалын» жастар ұйымы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мейрамбек Бейсенбек.

Аталмыш жоба  қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы шеңберінде  жыл бойы жұмыс істейді.

blank blank blank blank

Бұл жолы ардагерлердің демалыс уақытын тиімді өткізу үшін алғаш ұйымдастырылған музыка сабағына 15 ардагер қатысты.

 

 

                                                                                                      Мұрат ЖҮНІСҰЛЫ

                                                                                                   Арқалық қаласы