Бүгін жеңілдетілген несиелендіру бағдарламасы аясында жастардың бизнес жобаларын іріктеуге арналған комиссия отырыс өтті. Жиында он жоба қаралды.
Қыздар төбелесінің салдары: барлығына сабақ болуы керек
Әлеуметтік желіде өскемендік оқушы қыздың өзі құралпылас жеткіншекті ұрып-соғып жатқан бейнежазбасы тарап кетті. Аяусыз ұрғаны былай тұрсын, қорқытып шешіндіріп, видеоны ғаламторға жүктеп жіберген әрекеті көптің ашуын тудырды. Осы сынды көріністер, жас қыздардың жаға жыртысып, бірін-бірі ұрып-соғуы сынды келеңсіз оқиғалар неге жиілеп кетті? Біздің өңірде осындай жағдайлар тіркелген бе? Зерттеу жүргізіп көрдік.
Рудный қаласының жаңа әкімі тағайындалды
Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Қазақстан Республикасы Конституциясының 87-бабы, 4-тармағына сәйкес, Рудный қаласы мәслихаты депутаттарының келісімімен Рудный қаласы әкімінің лауазымына Виктор Николаевич Ионенконы тағайындады.
Облыстық прокуратура аумағында жоспарлы оқу-жаттығу өтеді
18 сәуірде сағат 15.00-де Қостанай қаласында «Облыстық прокуратура» аумағында полицияның, өртке қарсы қызметтің және жедел медициналық көмектің кешенді күштерінің өзара іс-қимыл дағдыларын пысықтауға бағытталған жоспарлы оқу-жаттығулар өткізілетін болады.
Мамыр мерекелері: қашан, қалай тойланбақ?
Мамыр айының күнтізбесі мерекеге толы. Үш мереке тоғысқан мамыражай мезгіл. 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні, 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні және 9 мамыр – Жеңіс күні. Осы аталған мерекелер Қостанай қаласында қалай тойланадай, қандай іс-шаралар өтпек? Бұл туралы қалалық әкімдікте өткен аппарат кеңесінде егжей-тегжейлі талқыланды.
«АТАМНЫҢ АМАНАТЫ» қоғамдық бірлестігі екінші дүниежүзілік соғыста хабар-ошарсыз кеткен майдангерлерді іздестіреді
«АТАМНЫҢ АМАНАТЫ» қоғамдық бірлестігі екінші дүниежүзілік соғыста хабар-ошарсыз кеткен майдангерлерді іздестіріп, жерленген жерлерін анықтау үшін тізімдерін жасайды.
Жылу беру қашан тоқтайды?
Биылғы жылу беру маусымы аяқталуға таяп қалды. Алдағы апталарда үш күн бойы ауаның орташа тәуліктік температурасы +10ºС градус жылылықты көрсетсе Қостанай қаласындағы көп қабатты тұрғын үйлерге жылу беру тоқтамақ. Бұл туралы дүйсенбілік аппарат жиналысында белгілі болды.
«Ордабасыдан» ойсырай ұтылды
Футболдан olimpbet Қазақстан чемпионатының алтыншы турында Қостанайдың «Тобылы» шымкенттік «Ордабасы» командасына қонаққа барды. Қос қарсылас ойынның жиырма бесінші минутына дейін доп алмасып алған болатын.
Бүгін — қасиетті Қадір түні
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы биылғы Қадір түнін сәуірдің 17-нен 18-не қараған түніне белгіледі, деп хабарлайды Egemen.kz. Құранда Қадір түнінің нақты уақыты айтылмайды, әл-Бұхари хадисінде Рамазан айының соңғы 10 күніндегі тақ түндердің бірі екені айтылған. Көпшілігі мұны Оразаның 27-ші түні деп санайды.
Министр: «Қостанай – биологиялық тазарту станциясы жоқ жалғыз қала»
ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова облыстық БАҚ өкілдерімен брифинг өткізді.
