“Ордабасыдан” ойсырай ұтылды

“Ордабасыдан” ойсырай ұтылды

Футболдан olimpbet Қазақстан чемпионатының алтыншы турында Қостанайдың “Тобылы” шымкенттік “Ордабасы” командасына қонаққа барды. Қос қарсылас ойынның жиырма бесінші минутына дейін доп алмасып алған болатын.

Әуелі алаң иелерінің капитаны Асхат Тағыберген жиырма бес метрден жерден айып добын сәтті орындады. Араға бір минут салып, сары-жасылдардың шабуылшысы Сердж Дебле қорғаушыларының қақпа жанынан асырған добын тосып алып, қарсыластардың қорғаушысынан айналып өтті.

Қақпашыға бетпе-бет келіп, оң бұрышқа жерлете тепті. Осы тең есеп ойынның жетпісінші минутына дейін сақталған. Қонақ команданың бас бапкері керек ойыншыларды тактикалық тұрғыда дер кезінде шығара білді. Алаңға шыққан Бобур Абухалыков пен Всеволод Садовский алаң иелерінің шабуыл шебіне жаңа леп бергендей болды.

Нәтижесінде Бобур есепті 1:2-ге жеткізді. Осыдан кейін шымкенттік команда бұрыштама добын екі рет сәтті пайдаланды. Нәтижесінде Тағыбергеннің көтерген добын Бернардо Матич командаласы Всеволод Садовскийдің аяғына салып берді. Ол діттеген жерінен мүлт кеткен жоқ. Ал Бауыржан Исламханның тепкен добын Сергей Малый баспен қақпаға тоғытты. Осылайша ойын 1:4 есебімен аяқталып, алаң иелерінің пайдасына шешілді.

Жаңалықтармен бөлісу