Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары арасында республикалық «ТОП — 100 студент» конкурсының басталғаны туралы хабарлайды.
17 наурыз – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні
Қазақ мәдениеті – қазіргі қоғамды ортақ құндылықтар аясына топтастырып, халқымызды біріктіретін діңгегіміз.
Жітарқара ауданына қарасты елді мекеннің жолын су басып кетті
Жітіқара ауданында күннің жылынуы мен қардың қарқынды еруі салдарынан республикалық маңызы бар KZ10-05 «Мариновка ауылына кіреберіс» автожолының тоғызыншы шақырымын су шайды.
Ертең Тобыл өзенінде мұз жару жұмыстары жүргізіледі
Биылғы су тасқыны кезеңінде елді мекендерді су басудың алдын алу мақсатында Тобыл өзеніне зерттеу жүргізілді. Нәтижесінде қала әкімдігі мұз жару учаскелері анықталғанын хабарлайды.
Ұлттық құрылтайда Қостанай облысына қатысты ауқымды жобалар айтылды
Ұлттық құрылтай отырысы аясында Мемлекет басшысы ағымдағы кезеңде мемлекеттің бірінші кезектегі міндеттері – бұл өңірлердің экономикалық өсуінің жаңа бағыттарын ашу және өңірлік дамудағы теңгерімсіздіктерді жою екенін атап өтті.
Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне қол қойды
Кодекстің бірінші блогы мемлекеттік қаржы туралы ережелерге сай салық-бюджет, ақша-несие және фискалды саясатты байланыстыруға бағытталған.
Қостанайда би фестивалі басталды
«Жастар» сарайында Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мейрамы қарсаңында халықаралық «Наурыз достарын шақырады» хореографиялық өнер фестивалі өтіп жатыр.
Құрылтайда қоғамда қызу талқыланған өзекті мәселелер түгел қамтылды
Қастерлі Бурабай баурайында Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысы өтті. Алқалы жиында Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев елдің алдағы бағдарын айқындап берді. Бұл туралы ҚР Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев әлеуметтік желідегі парақшасына жазды.
Қамыстыдағы он алты отбасына азық-түлік себеттері таратылды
Елімізді мейірімділік пен татулыққа шақыратын «Қайырымдылық күні». Наурызнама аясында бұл қасиеттерді барынша кеңінен насихаттау, оның қадірін арттыру аса маңызды екенін ескерген Ауыл шаруашылығы кәсіпкерлері қалыс қалмады.
Қостанай облысында су тасқынына қарсы жұмыстар қарқынды жүріп жатыр
Арқалық, Аманкелді және Жанкелдин аудандарына су тасқынына қарсы күреске жұмылдырылған құтқарушылар тобын күшейту үшін облыс орталығынан қосымша күштер мен техникалар жеткізілді.