Арқалық, Аманкелді және Жанкелдин аудандарына су тасқынына қарсы күреске жұмылдырылған құтқарушылар тобын күшейту үшін облыс орталығынан қосымша күштер мен техникалар жеткізілді.
Құтқарушылар жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп профилактикалық рейдтер жүргізіп, нөсер кәріз жүйелерін, елді мекендердің аулалары мен көшелерін қардан тазалап жатыр.
Қапшықтар төселіп, су тасқынының салдарын барынша азайтуға бағытталған инженерлік жұмыстар атқарылуда.
Гидротехникалық құрылыстарды нығайтуға, бөгеттер тұрғызуға және қорғаныс үйінділерін жасауға аударылуда. Бұл шаралар елді мекендерді су басу қаупінен қорғауға бағытталған.
Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жағдай тәулік бойы бақылануда.