Қамыстыдағы он алты отбасына азық-түлік себеттері таратылды

Қамыстыдағы он алты отбасына азық-түлік себеттері таратылды

Елімізді мейірімділік пен татулыққа шақыратын «Қайырымдылық күні». Наурызнама аясында бұл қасиеттерді барынша кеңінен насихаттау, оның қадірін арттыру аса маңызды екенін ескерген Ауыл шаруашылығы кәсіпкерлері қалыс қалмады.

Көктемнің шуақты күнінде Қамысты ауданының әлеуметтік осал топтағы 16 отбасыға азық-түлік себеттерін таратып, жүздеріне күлкі, көңілдеріне қуаныш сыйлады.

Қайырымдылық күні ізгіліктің, адамның адамға таза ниетін, риясыз сүйіспеншілігі мен адамгершілігін көрсеткен жаны жайсаң және қолы жомарт қамыстылықтар – «Amanat Agro Group» ЖШС Қайрат Тастамбеков, «Виктория» шаруа қожалығынан Александр Матюхин.

Шұға ҚОҢҚАБАЙ

Қамысты ауданы 

Жаңалықтармен бөлісу