Жітарқара ауданына қарасты елді мекеннің жолын су басып кетті

Жітарқара ауданына қарасты елді мекеннің жолын су басып кетті

Жітіқара ауданында күннің жылынуы мен қардың қарқынды еруі салдарынан республикалық маңызы бар KZ10-05 «Мариновка ауылына кіреберіс» автожолының тоғызыншы шақырымын су шайды.

Ұзындығы 40 метр, биіктігі 10 сантиметрге дейін жететін су Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының арасындағы бейтарап аймақта, Желқуар өзені бойында пайда болған.

“Бұл көпір өткелінің болмауына байланысты жыл сайын қайталанатын маусымдық құбылыс. Елді мекендерге қауіп жоқ, көлік қозғалысы сақталған. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды. Аталған аумақта жүргізушілерге мүмкін болатын қауіптер туралы ескертетін белгі бағаналары орнатылды”, – дейді ТЖД баспасөз қызметі.

Жағдай бақылауда.

 

 

Жаңалықтармен бөлісу