Ертең Тобыл өзенінде мұз жару жұмыстары жүргізіледі

Ертең Тобыл өзенінде мұз жару жұмыстары жүргізіледі

Биылғы су тасқыны кезеңінде елді мекендерді су басудың алдын алу мақсатында Тобыл өзеніне зерттеу жүргізілді. Нәтижесінде қала әкімдігі мұз жару  учаскелері анықталғанын хабарлайды.

“2025 жылғы 17 наурызда Тобыл өзенінің  КЖБИ, Орталық және Корей көпірлері маңында мұз жару жұмыстары жүргізіледі. Тұрғындардан сақтық шараларын сақтауды, мұзға шықпауды және қозғалыс маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз!” – деп ескертеді қала әкімдігі.

Мұқият болыңыз және қосымша хабарландыруларды қадағалаңыз.

Жаңалықтармен бөлісу