Жыл басынан бері әртүрлі ұйымдарда 39 рет еңбек заңнамасы бұзылған. Оларға Мемлекеттік еңбек инспекциясы Қостанай облысы бойынша департаменті ұйғарым беріп, әкімшілік жазаға тартылған. Бұл жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте мәлім болды. Департамент заң бұзған мекемелерге барлығы 4,9 млн теңге айыппұл салып, 24 әкімшілік шара қолданған. «Мемлекеттік еңбек инспекторлары 16 арнайы тергеп-тексеру жүргізді, […]
Мүгедектерді жұмысқа орналастыру квотасы екі есе артады
Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында айтылды. Инклюзивті жұмыспен қамту шаралары азаматтарды қолдаудың проактивті модельдерін енгізу арқылы жүзеге аспақ. Бұл ерекше қажеттіліктері бар адамдардың кәсіби тұрғыдағы мүмкіндіктерін едәуір кеңейтеді. Үкімет отырысында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев осылай деді.
Тұрғындар күткен қуаныш
Биылғы жыл ұзынкөлдіктер үшін сәтті басталды. Аудан орталығында 18 пәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілді. Халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету – мемлекет саясатының басым бағыттарының бірі. Ауданда бүгінде 267 адам тұрғын үй кезегінде тұр, оның басым бөлігі аз қамтылған және көпбалалы отбасылар.
Динара Өтебаева: «Төлем жүйесін бір ізге түсіру маңызды»
Бүгін «AMANAT» партиясының облыстық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңесіне қатысушылар азаматтардың мемлекеттік сервистермен өзара іс-қимылының практикалық қырларына ерекше назар аударды.
Қайырымдылық турнирі: игі бастамаға қолдау
А. Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ базасында бар қайырымдылық турнирі ұйымдастырылды. Аталған іс-шараға жалпы саны тоғыз команда қатысып, өзара бақ сынасты. Турнирдің басты мақсаты – Әлібек Қожағалидің еміне қажетті қаржылай көмек жинау.
«Астана» шағын ауданында пәтер кілттері табыс етілді
Бүгін — Тобыл қаласындағы «Астана» шағын ауданында қоныс той. Жаңа ауданның жаңа тұрғындары облыс әкімі қолынан асыға күткен пәтер кілтін иеленді.
Арқалықта отбасын қолдау орталығы ашылды
Президент Жарлығын орындау негізінде Арқалық қаласы әкімідігінің Қаулысына сәйкес қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің отбасын қолдау орталығы құрылды.
Зейнеткерлерге пойыздарға 25% жеңілдік берілді
«Жолаушылар тасымалы» АҚ 60 жастан асқан жолаушыларға арналған жаңа жеңілдікті іске қосты деп хабарлайды kaz.inform.kz.
Мыңдаған азамат әлеуметтік қолдауға ие
Қостанай облысында 3,4 мың адам еңбекке қабілеттілігінен айырылған, сондай-ақ 3 мың отбасы асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша есепте тұр. Аталған санаттағы азаматтар мен отбасыларға Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры (МӘСҚ) арқылы ұзақ мерзімді әлеуметтік төлемдер тағайындалады. Сонымен қатар 2025 жылдың қаңтар айынан бастап әлеуметтік төлемдер 10%-ға артты.
Әлеуметтік акция Қарасуда жалғасын тапты
Мүгедектігі бар адамдарға арналған «Мүмкіндік» әлеуметтік-құқықтық акцияға прокуратура органдары, мемлекеттік мекемелер, сондай-ақ жекеменшік ұйымдар мен кәсіпорындар өкілдері қатысып, бос жұмыс орындарын ұсынды.
