Ат спортынан алғашқы жүлдегерлер белгілі болды

Ат спортынан алғашқы жүлдегерлер белгілі болды

Қарабалық ауданындағы облыстық спартакиада ойындарының ат спортына көршілес облыстардың өкілдері де атсалысуда.

Мәселен, жиырма шақырымдық аламан бәйгеде Қарағандыдан келген Тайфун сәйгүлігінің өзгелерден бәсі биік көрінді.

“Көкпардан он екі команда сынға түсіп жатыр. Бүгін финалдық кезеңге жетіп отырмыз. Арқалық командасы қола жүлдегер атанды. Финалда  Қостанай аудандарының көкпаршылары Денисов командасын жеңді”, – деді ат спорты ойындарының бас төрешісі Рыскелді Байтасов.

Жеңімпазға кубок пен 500 мың теңге, екінші орынға 300 мың теңге, үшінші орынға 200 мың теңге ақшалай сыйлық берілді.

Облыстық спартакиаданың екі күнінің қорытындысы бойынша Қостанай ауданы көш бастап келе жатыр

 

Қарабалық ауданы

Жаңалықтармен бөлісу