«Қайрат» спорт кешенінде қазақ күресінен 2009-2010 жылдары туған жасөспірімдер мен қыз балалар арасында Қостанай облысының чемпионаты өтіп жатыр.
Бұл жарыс – ұлттық спортымызды дамытуға, жас спортшылардың шеберлігін шыңдауға және алдағы республикалық жарыстарда облыс намысын қорғайтын мықты спортшыларды іркітеуге бағытталған маңызды дода.
Жарысқа облыстың қалалары мен аудандарынан 150-ге тарта жас балуандар қатысып, бақтарын сынауда.
Салтанатты ашылуында командалар сап түзеп, еліміздің Әнұраны асқақтады. Қала әкімінің орынбасары Мешітбай Жұманов барлық қатысушыларға ақ жол тілеп, жақсы ойын өрнегін көрсетуге шақырды.
Одан әрі жарыстың бас төрешісі Дәулетхан Қосмағанбетов сайыстың өту тәртібімен таныстырды. Спортшылардың құрметіне әсем әннен шашу шашылды.
Мұрат ЖҮНІСҰЛЫ
Суреттерді түсірген – автор
Арқалық қаласы
