Арқалықта полиция ардагері тұрған үйде ескерткіш тақта ашылды

Арқалықта полиция ардагері тұрған үйде ескерткіш тақта ашылды

Ұлы Жеңістің 80 жылдығы мерекесі қарсаңында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің құрметті ардагері Совет Құсманұлының Керейбаевтың тұрған үйінің қабырғасынан ескерткіш тақта ашылды.

Іс — шараға қала әкімі Әмірхан Асанов қатысып, ескерткіш тақтаны ашу арқылы Совет Құсманұлының ел үшін жасаған еңбегін ел жадында мәңгіге қалдыру мақсаты тұрғанын айтты.

Ескерткіш тақтаны ашу құрметі тыл еңбеккері Мұқтар Ходенұлы мен марқұмның перзенті, ішкі істер қызметінің ардагері Нұржан Советұлына берілді.

Сондай – ақ, Арқалық қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Түбекбай Әубәкіров, Арқалық қалалық полиция басқармасының басшысы Орал Баймурзин, Совет Құсманұлының баласы Нұржан Советұлы елге қызмет еткен ердің өмір жолы жайлы естеліктерімен бөлісті.

Арқалық қаласының құрметті азаматы Совет Құсманұлы өңірде ширек ғасырдан астам уақыт ішкі істер саласында қызмет етті.

Еңбегі жоғары бағаланып, «Ішкі істер саласының I ші санаттағы төсбелгісі» және «Құрмет» орденін иеленген.

Айтулы тұлғаның ұрпақтары да бүгінгі күні ата жолын жалғастырып, полиция қызметкерлерінің дәстүрлі сабақтастығын абыройлы жалғастырып келеді.

«Бұл әулеттің полиция қызметіне арнаған ата-бала-немере деп алсақ жалпы еңбек өтілі 200 жылдан асып кетеді.   Ішкі істер қызметінің ардагері Керейбаев Совет Құсманұлы ағамыз Тобыл — Торғай өңірінің ішкі істер органдарында 40 жылдан астам қызмет еткен, көптеген марапаттардың иегері. Көзінің тірісінде «Арқалық қаласының құрметті азаматы» атағын алды.  Зейнеткерлікке шықса да ұрпақ тәрбиесінен қол үзбей қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу жолында зор үлес қосты. Ардагерлер кеңесіміздің белді мүшесі болып, еліміздің өркендеуі үшін белсене еңбек етті», –дейді қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Түбекбай Әубәкіров.

Мұрат Жүнісұлы

Суреттерді түсірген — автор

                                                                            Арқалық қаласы