Құрметті Ермекбай Қайыпұлы!
Сізді келіп жеткен мерейлі 75 жасыңызбен шын жүректен құттықтаймыз!
Қалың оқырман сізді қаламгер, журналист деп қана емес, өңірдің мәдениетінде өз үлесі бар азамат деп те таниды. Қарашаңырақ – “Қостанай таңында” қызмете ете жүріп, Қазақстан Жазушылар одағының және Журналистер одағының мүшесі, ҚР Мәдениет қайраткері атандыңыз. Өзіңіз қырық жылдай қызмет еткен газеттің бүгінгі буыны үшін қашанда құрметіңіз жоғары.
Қарт басылымның қанат жаюына сіңірген еңбегіңіз зор. Қалтқысыз қызметіңіз үшін көптеген абырой-беделге, марапат-мадаққа ие болған ардагер журналистердің қатарындасыз.
«Батыр Сұлтан» атты деректі повест, «Өнегелі ғұмыр» хикаяты, «Көгілдір орамал» повесі – сіздің жазушылық қырыңызды таныта алған туындылар.
Осынау мерейтойыңызда сізге ұзақ ғұмыр, қажымас қажыр-қайрат, әулетіңізге дәулет, шаттық-қуаныш тілейміз! Аман жүріңіз, Ермекбай аға!
Құрметпен, “Қостанай таңы” газеті ұжымы