Аналар кеңесінің Қостанай облысына жұмыс сапары басталды

Аналар кеңесінің Қостанай облысына жұмыс сапары басталды

Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің Қостанай облысына жұмыс сапары Арқалықтан басталып отыр.

Делегация құрамында жерлесіміз, белгілі жазушы, аудармашы, филология ғылымдарының кандидаты Камал Әлпейісова, атақты тележүргізуші Қымбат Досжан бар.

Камал Әбілқасымқызы 1956 жылы 10 наурызда Қостанай облысы, Амангелді ауданының «Родник» кеңшарында дүниеге келген.

blank

1973 жылы Арқалық қаласындағы Ш.Уәлиханов атындағы №1 орта мектепті бітірген. 1978 жылы Қазақ Мемлекеттік университетінің филология факультетін тамамдаған. Еңбек жолын 1979 жылы «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш») газетінде корректорлықтан бастаған. 1981 жылы «Қазақстан әйелдері» журналында әдеби қызметкер 1990 жылы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Әйелдер ісі, ана мен баланы қорғау комитетінде қызмет істеген.1994 жылы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі аппаратының Редакциялық-баспа бөлімінде консультант, ілеспе аударма секторының меңгерушісі, бөлім меңгерушісінің орынбасары болып қызмет еткен. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты аппараты редакциялық баспа бөлімі меңгерушісінің орынбасары.

blank

Қазақтың қабырғалы қаламгерлерін арқалықтықтар ата салтымызға сай теміржол вокзалы басынан дәм-тұзбен, ән-жырмен қарсы алды.

blank

Құрметті қонақтардың қатысуымен қалада екі күнді қамтыған шоқтықты іс-шаралар өтпекші.

Мұрат Жүнісұлы