Алматыда «Байтақ» жасылдар партиясының жаңа төрайымы сайланды

Алматыда «Байтақ» жасылдар партиясының жаңа төрайымы сайланды

Алматы қаласында өткен конференция барысында Қазақстандағы экологиялық мәселелерді белсенді көтеріп жүрген «Байтақ» жасылдар партиясының Алматы қаласы филиалына жаңа төрайым сайланғаны ресми түрде жарияланды.

Іс-шараға партия басшысы Азаматхан Әміртай, қоғам белсенділері, БАҚ өкілдері, студенттер және өзге де қонақтар қатысып, жалпы саны жүзге жуық адам болды.

Жаңа төрайым – Алматы қаласының тумасы, үш баланың анасы, елінің патриоты Алма Қараш.

blankОл – отандық тауар өндірушілердің, әйелдердің, көпбалалы отбасылардың және Алматы қаласының экологиясының шынайы жанашыры, қоғам қайраткері әрі тәжірибелі басшы.

Білімі бойынша экономист–қаржыгер. Қаржы саласында, мемлекеттік секторда және нақты өндірісте елеулі басқарушылық тәжірибесі бар. Кәсіпкерліктің, индустриялық дамудың және бизнесті қолдаудың қыр-сырын терең меңгерген. Қазіргі уақытта кәсіпкер, қоғам қайраткері, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының өңірлік кеңесінің мүшесі және Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясының Алматы қаласы бойынша белсенді мүшесі.

blank

2023 жылы туған қаласының проблемаларына бейжай қарамай, Алматы қалалық мәслихат депутаты сайлауына бір мандаттық округтен өзін-өзі ұсыну тәртібімен кандидат болды.

Ол мықты команда құрып, тұрғындармен тығыз байланыс орнатып, Алматының мәселелерін нақты істер арқылы шешуге болатынын дәлелдеді.

Сонымен қатар конференцияда Алма Қараш Алматыдағы экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған жаңа бастамасын – «Алматыға таза ауаны қайтарамыз!» бағдарламасын таныстырды. Бағдарлама экологиялық технологияларды кеңінен енгізуді, тұрғындардың белсенді қатысуын күшейтуді және мегаполисті жасыл, таза, қауіпсіз қалаға айналдыруды көздейді.