«Тіл – рухани қазына»: рухани мереке қарсаңында үздіктер марапатталды

«Тіл – рухани қазына»: рухани мереке қарсаңында үздіктер марапатталды

Қостанайда Қазақстан халқы тілдері күніне арналған «Тіл – рухани қазына» атты мерекелік іс-шара өтті.
Биылғы басқосу қазақ даласына білімнің шамын жаққан ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің туғанына 185 жыл толуына және Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай ұйымдастырылды.blankblankblankblankblankblankТіл – ұлттың жаны, халықтың тарихи жады мен рухани өзегі. Осы құндылықты ұлықтаған мерекелік шара Қостанайда мазмұнды мәдени бағдарламаға ұласты. Жиынның шымылдығы І.Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театры актерлерінің «Ахметтің аманаты» атты қойылымымен ашылды.blankСалтанатты жиында облыстық Мәдениет басқармасының басшысы Құралбек Атамұратов құттықтау сөз сөйлеп, мемлекеттік тілдің қоғамды біріктірудегі маңызына тоқталды. Оның айтуынша, Қазақстан халқы тілдері күнінің Ахмет Байтұрсынұлының туған күнімен байланысты аталып өтуінің өзіндік символикалық мәні бар.

«Ата Заңымыздың қазақ тіліне деген айрықша қамқорлығы мен сенімді кепілдігі арқасында мемлекеттік тіл бүгінде қоғамды біріктіруші басты факторға айналып отыр», – деді Құралбек Атамұратов.

blankБасқарма басшысы Қостанай облысында этносаралық келісім мен татулықты нығайту бағытындағы жұмыстарға да тоқталды. Өңірде тіл саясатын жүзеге асыруға мемлекеттік қолдау жылдан-жылға артып келеді. Биыл бұл салаға бөлінген қаржы көлемі 2024 жылмен салыстырғанда 30 пайыз өскен. Мемлекеттік тілді меңгеруге деген қызығушылықтың да артып келе жатқаны атап өтілді. Әсіресе этнос өкілдері жастарының қазақ тілін үйренуге деген ынтасы жоғары.
Мерекелік іс-шарада тіл саласына еңбегі сіңген бірқатар азамат марапатталды. Олардың қатарында мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыруға үлес қосып жүрген сала мамандары, журналистер, ұстаздар, мемлекеттік қызметшілер, қоғамдық ұйым өкілдері мен әскери қызметкерлер бар. Атап айтқанда, «Ана тілін дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен мемлекеттік қызмет ардагері Жанболат Үмбетов марапатталды. Ал тіл саласындағы еңбегі үшін Бақыт Мержағыпова, Асылан Қанқожин, Елена Воронина, Жанар Ибрагимова және өзге де азаматтарға түрлі деңгейдегі марапаттар табысталды.blankblankblankСондай-ақ мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруге үлес қосқан тіл мамандарына облыс әкімдігі мәдениет басқармасының Алғыс хаттары табысталды. Олардың қатарында «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығының, аудандық тілдерді оқыту орталықтарының қызметкерлері бар. Мемлекеттік тілді оқыту ісінде үздік нәтиже көрсеткен орталықтар да назардан тыс қалмады. Биыл алғаш рет «Үздік тілдерді оқыту орталығы» облыстық байқауы өткізіліп, оның қорытындысы да жарияланды. Үшінші орын Меңдіқара және Жітіқара аудандарының тілдерді оқыту орталықтарына, екінші орын Федоров ауданының орталығына бұйырса, бірінші орынды Рудный қаласының тілдерді оқыту орталығы иеленді.blank
Тіл мерейін арттыруға бағытталған ерекше номинациялар да көпшіліктің назарын аударды. «Ұлт тілін ұлықтаған үздік БАҚ өкілі» номинациясымен «Қостанай таңы» газетінің тілшісі, «ТүзеТілді» айдарының авторы Жандос Жүсіпбек марапатталды. Ал «Ғылым жолындағы үздік инновация» номинациясы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ филология және практикалық лингвистика кафедрасының аға оқытушысы Шынар Тулегеноваға берілді.blank«Цифрлық дәуірдің жас дарыны» аталымында Сарыкөл ауданындағы Урицкий мектеп-лицейінің 5-сынып оқушылары Ксения Чиханцова мен Егор Костериннің еңбегі бағаланды. Жас өнертапқыштар «Digital Qazaq Master» киіз үйі мен «Ақылды бесік» жобаларын ұсынып, 2026 жылы Кореяда өткен халықаралық байқауда Гран-при иеленген.blankМерекелік жиында кәсіпкерлердің де тіл мен ұлттық мәдениетті дамытуға қосып жүрген үлесі атап өтілді. «Жарнама – тіл тазалығының көрінісі» облыстық байқауының жеңімпаздары марапатталды. Байқаудың басты мақсаты – жарнама тілінің сауаттылығы мен тазалығын сақтау, мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту. Бұдан бөлек, мәдениет саласының қызметкерлеріне де бірқатар марапат табысталды. Ал тілдерді оқыту орталығы мен 6697 әскери бөлімі арасындағы әріптестік аясында «Ұлттық ұлан қызметінің үздігі» төсбелгісі тапсырылды.blankСалтанатты жиын концерттік бағдарламаға да ұласты. Елубай Өмірзақов атындағы Қостанай облыстық филармониясының әртістері өнер көрсетті.
blankblank«Тіл – рухани қазына» атты мерекелік шара да осы ойды айқын көрсетті. Мемлекеттік тілді дамыту мен оның қолданыс аясын кеңейту – белгілі бір саланың ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті. Ал оны дәріптеу – ұлттың болашағына қызмет ету.

Суреттерді түсірген — Бердіболат Көркембаев