Қостанай облыстық филиалының «КАЖсервис» ЖШС қызметкерлері оқушылармен жол қозғалысы қауіпсіздігіне арналған профилактикалық кездесу өткізді.
Іс-шара барысында мамандар балаларға жолда жүру ережелерін сақтау, жаяу жүргіншілер өткелінен дұрыс өту және жол белгілеріне назар аудару қажеттігін түсіндірді.
Кездесу барысында оқушыларға жол-көлік оқиғаларының алдын алу, велосипед пен самокатты қауіпсіз пайдалану, сондай-ақ қараңғы уақытта жарық шағылыстыратын элементтерді қолданудың маңызы айтылды. Балалар мамандарға сұрақтарын қойып, қауіпсіздікке қатысты пайдалы кеңестер алды.

Мұндай профилактикалық шаралар жасөспірімдердің жолдағы жауапкершілігін арттырып, қауіпсіз мәдениетті қалыптастыруға бағытталған.
