Қазақстан Республикасының Бас Прокурорының бұйрығымен Қостанай қаласының прокуроры қызметіне әділеттің аға кеңесшісі Ермек Болатұлы Шуақпаев тағайындалды.
Ермек Болатұлы 1980 жылы туған, Қостанай облысының тумасы, А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін бітірген.
Еңбек жолын 2002 жылы Алтынсарин ауданы прокуратурасының көмекшісі болып бастаған.
Әр жылдары прокуратура органдарында түрлі қызметтер атқарды, соның ішінде облыс прокурорының аға көмекшісі — Кадр жұмысы тобының жетекшісі (2010–2013 жж.), Жітіқара ауданының прокуроры (2013–2018 жж.), Лисаков қаласының прокуроры (2018–2024 жж.) болды.
Осы тағайындауға дейін Қарасу ауданының прокуратурасын басқарды.
Құқық қорғау органдарындағы жалпы еңбек өтілі — 23 жыл.
