Жерасты жолының құрылысы басталды.Тұрғындарға қолайсыз

Жерасты жолының құрылысы басталды.Тұрғындарға қолайсыз

Қостанайда айналдырған үш жерасты өткелі бар. Оның екеуі  Абай даңғылы мен бірі Қайырбеков көшесінің бойында орналасқан. Жуырда КСК-дағы өткел уақытша жабылды. Ондағы жөндеу жұмыстары қазан аянына дейін аяқталады деп күтілуде.  Әрлі-берлі көлік қатынасы жергілікті тұрғындарға қолайсыздық туғызып отырған жайы бар.

blankЖасұлан Есмурзин осы шағын ауданның байырғы тұрғыны. Жұмыстан келерде көліктің көбейетінін айтады.

«Білесіздер, жақында сабақ басталады. Балаларымыз мектептен қалай қатынайды? Жұмысты ертерек бастамай, дәл осы кезде қолға алынғанына жол болсын. Мында шұғыл түрде уақытша жол белгілері қойылу керек Осы үшін Ikomek ұжымына  хабарластық. «Мердігері жақында орнатымыз деп уәде берді» деген жауап алдық. Осымен екі күн өтті әлі орындалмай отыр», – дейді ол.

Ал жепіс жетідегі Дариға әжеміз көршілерін сабырға шақыруда.

blank

«Бұл уақытша қиындық. Осылай еліміз гүлдене берсін. Бұған дейін де жерасты жолы оңып тұрмаған. Қайта жөнделетін болды», – деп Дариға Оразбекова қуанып отыр.

blank

Иә, жөндеу жұмыстары басталмай жатып, уақытша жол белгілері қойылу керек еді. Бәлкім себептері де бар болар. Ол жайында қала әкімінің баспасөз хатшысы Аида Бажирова былай түсіндірді:

«Жалпы қалада үш жерасты жолы бар. Оның екеуі Абай даңғылы бойында біреуі осы жерде орналасқан. Бұл жерді таңдаған себебіміз – жағдайы анау екеуіне қарағанда анағұрлым нашар. Кеш басталған себебі, бюджетке қала құрылысы тәуелді. Конкурстық шаралар енді аяқталып, құрылысты жүргізетін мердігер жақында ғана анықталды», – дейді Аида Бажирова.

Бұл жердегі шектеу  жылдамдығы бұрын 40 км болса, енді азайтылып 20 км  болмақ.

«Бұл жерде уақытша жаяу жүргіншілер жолы болады. Бірақ, бағдаршам орнатылмайды. Жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін алынып тасталады. Ол жөнінде құрылыстың бас жоспарында бар. Күні бойы полиция бөлімінің қызметкерлері кезекшілік етеді», – дейді Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімінің сектор меңгерушісі Станислав Лобанский.

Жөндеу жұмыстарына бюджеттен 54 млн теңге бөлініп отыр. Қазан айының ортасына дейін аяқталады деп жоспарлануда. Жерасты дәлізі кеңейтіліп, іші толық жарықтандырылады. Мүгедектерге арналған жол салынады. Арнайы камералар орнатылып, қауіпсіздік шаралары тұрақты жүргізілмек.

Айбек ЖҮЗБАЙ

Суреттерді түсірген Жанел Құттыбай