Жыл сайын 50-ге жуық антена діңгегі салынады

Жыл сайын 50-ге жуық антена діңгегі салынады

Өңірдегі 492 ауылдық елді мекеннің 331-і ғана ұялы байланысқа қол жетімді. Beeline Қазақстан компаниясымен бірлескен меморандумды іске асырудың арқасында 370 ауылда сапалы 4G байланысы қолжетімді болды.

«QOSTANAI INVESTMENT FORUM 2025» іс- шарасы шеңберінде жобаның екінші кезеңі іске асырылды.

Жиынға облыс әкімі Құмар Ақсақалов қатысып сөз сөйледі. Ол бұл бағыттағы жұмыстар жалғасатынын жеткізді

“Өңіріміздегі жасанды интелек пен цифрлық технологияларды дамытуға арналған инвестициялық форум аясында облыстың ауылдық елді мекендеріндегі базалық станцияларды іске қосу үшін жиналып отырмыз. Өткен жылдың желтоқсан айының басында бірінші кезекті бірге бастаған едік. Сол кезде оюлыстың 15 ауылында тұрақты ұялы байланыс іске қосылды. Бүгін біз келесі қадамды жасап отырмыз. Базалық станциялардың екінші кезеңі іске қосылады. Ол бұдан да көп ауылдарды қамтитын болады” – деді Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов.

Облыстың кей ауылдарында байланыс әлсіз, ал 29 ауылда мүлдем байланыс жоқ. Қазіргі таңда жағдай өзгеруде. Beeline Қазақстан компаниясымен бірлескен меморандумды іске асырудың арқасында 370 ауылда сапалы 4G байланысы қолжетімді болды. Бұл айтарлықтай прогрес. Жүйелі және мақсатты жұмыстың нәтижиесі.

blank blank

Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылдың тамыз айында Қостанай облысының әкімдігі мен Beeline Қазақстан телефон операторының өңірдегі байланыс пен интернетті жақсарту бойынша меморандумға қол қойды. Жоба үш жылға есептелген.

Жыл сайын 50-ге жуық антена діңгектері салынады. Мақсат 2026 жылдың соңына дейін облыстың барлық ауылдарын 100 пайыз 4G интернетімен қамтамасыз ету. Қазіргі уақытта жоба нақты іске асырылуда. Өткен жылы 14 мыңға жуық адам тұратын 44 ауылдық елді мекендерде нысандардың құрылысы аяқталды.

 

Сералы Мырзабай

Суреттерді түсірген — автор