Ауған соғысының батырларын еске алу турнирі өтті

Ауған соғысының батырларын еске алу турнирі өтті

Биыл Ауғанстан елінен Кеңес әскерлерінің шығарылғанына 35 жыл толады. Осы он жыл соғыс 15 мың сарбаздың өмірін қиды, естен шығару әсте мүмкін емес. Ол оқиға өткен мен келешекті біріктіріп отырады. Бүгін Ауған соғысының қатысушылары – Батыржан, Елікбай Кенжетаевтар мен Павел Скопецті дос-жарандары еске алды.

Кезінде қазақтар туралы эпос жазып қалдырған Батыржан Кенжетаевтың есімін иеленген Әулиекөл ауданы Новонижен ауылындағы мектепте есімдері жоғарыда аталған үш батырдың құрметіне 7, 8, 9 сынып оқушылары арасында волейболдан турнир ұйымдастырылды.

7-сыныптың оқушысы Руслан Баекенов турнирдің ең үздік шабуылшысы атанды. Ең үздік қорғаушы номинациясына 8-сыныптан қатысқан Қайсар Нұрқанов ие болды.

Турнирдің ең үздік ойыншысы – 9-сыныптың оқушысы Роман Воспилов.

9-сынып оқушылары жарыста ең үздік команда болды. 8 “б” сынып оқушылары екінші орын алды. Үшінші орын 7 “б” сыныбына бұйырды.

Жаңалықтармен бөлісу