Республика күніне орай Қостанай облысында журналистер арасында ұйымдастырылған байқаудың қорытындысы жарияланып, үздік қаламгерлер марапатталды.
Қостанайда домбыра үні зауытты күмбірге бөледі
Қостанайдағы Назарбаев зияткерлік мектебі оқушыларының дәстүрлі домбырашылар флешмобы биыл KIA Qazaqstan автомобиль зауытында өтті. «Ұлт рухы – домбыра үні» атты мерекелік шарада домбыраның күмбірі мен ұлттық бидің әсем ырғағы тоғысып, зауытқа ерекше мерекелік көңіл күй сыйлады.
Ортақ Отанға ортақ үлес: Allur ұжымы экологиялық акцияға атсалысты
Елді сүю – оның табиғатын аялаудан, туған жердің тазалығына үлес қосудан басталады. Республика күніне орай Allur кәсіпорнының қызметкерлері осы ұстанымды іс жүзінде көрсетіп, «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына қатысты.
Қостанайда ЖРВИ күшейді: науқастардың жартысынан астамы – балалар
Қостанай облысында балалар арасында тұмау ауруы өршіп тұр. Соңғы аптада жедел респираторлық вирустық инфекцияның (ЖРВИ) 5 880 жағдайы тіркелген. Ауырғандардың жартысынан астамы 14 жасқа дейінгі балалар. Олардың қатарында бір жасқа дейінгі 72 сәби бар.
Қостанай облысында діни ахуал тұрақты: 79 мың адам түрлі шараларға қатысты
Бұл туралы Қостанай облысы әкімдігінің дін істері жөніндегі басқармасының бөлім басшысы Сапарғали Әбдиев өңірлік коммуникация алаңында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.
Жания Бекмұхамбетова үстел теннисінен Италиядағы халықаралық турнирде күміс жүлдегер атанды
Үстел теннисінен Қазақстан құрамасының өкілі Италияның Линьяно қаласында өткен WTT Youth Contender халықаралық турнирінде күміс медаль жеңіп алды.
