Ұзынкөл ауданында 2026 жылдың алғашқы кезеңіндегі әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары оң нәтижелерді көрсетті. Бұл туралы аудан әкімі Марат Жұрқабаев баспасөз мәслихатында мәлімдеді.
Үкімет жаңа KazSat-3R құруға 10 млрд теңгеден астам қаражат бөлді
Үкімет резервінен KazSat-3R ғарыштық байланыс жүйесін құру жобасын жүзеге асыруға 10,4 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді. KAZINFORM мәлім еткендей, жоба ұлттық спутниктік байланыс жүйесі мен телекоммуникация саласын дамытуға бағытталған.
Қостанай облысында сүт шаруашылығын жандандыру қолға алынды
Қостанай облысында дәстүрлі егіншілікпен қатар, мал шаруашылығы қарқынды дамуда. Жаңа инвестициялық жобалар іске қосылып, саланың тынысы кеңеюде. Заманауи сүт-тауар фермалары салынып, мал шаруашылығы өнімдерін өндіру көлемі артты.
Облыс экономикасына жеке инвестиция тарту көлемі ұлғайды
Өткен алты ай ішінде аймақ экономикасына тартылған жеке инвестициялар 12,7%-ға өскен. Өңірлер арасында Федоров, Алтынсарин, Б.Майлин, Қарасу, Қостанай және Әулиекөл аудандары тамаша нәтиже көрсетті.
Қазақстан халықаралық делегацияға мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы цифрлық шешімдерді таныстырды
Халықаралық көші-қон ұйымының делегациясы және Грекия, Мажарстан, Тәжікстан, Түрікменстан мен Өзбекстанның мемлекеттік органдарының өкілдері мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы Қазақстанның тәжірибесімен танысу мақсатында «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясына келді.
Арқалықта «Таза аула» акциясы өтті
«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бағдарламасы аясында қалада түрлі іс – шаралар көрініс тауып, тұрғындардың ыстық ықыласына кенелуде.
Торғайда спорттық жарыстар ұйымдастырылды
«Жангелдин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ – нің мемлекеттік — әлеуметтік тапсырысы аясында «Азаматтарды қайта әлеуметтендіру және оңалту шеңберінде жұмысты ұйымдастыру» жобасы аясында спорттық біріншілік көрініс тапты.
Қостанай – Қарабұтақ автожолында болған жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша тергеу басталды
Бейімбет Майлин ауданы Тобыл ауылының маңындағы Қостанай – Қарабұтақ автожолында Kia Sorento және DAF автокөліктерінің қатысуымен болған жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша, салдарынан жеңіл автокөліктің жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында қаза тауып, тағы бір жолаушы ауруханаға жеткізілді. Аталған факті бойынша полиция сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.
Цифрландыру мемлекеттік қызметтерді қолжетімді ете түсті
Мемлекеттік қызметтерді цифрлық трансформациялау азаматтар мен кәсіпкерлерге қызмет көрсету тәсілін түбегейлі өзгертуді жалғастыруда. Бүгінде ХҚКО-да мемлекеттік қызметтерді алу жылдамырақ қана емес, өңір тұрғындары үшін анағұрлым қолжетімді бола түсуде. Негізгі басымдық қызмет алу уақытын қысқартуға, электрондық арналарды дамытуға және өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтарының мүмкіндіктерін кеңейтуге қойылып отыр.
Полицейлер азаматтарды судағы қауіпсіздік талаптарын сақтауға шақырды
Жаз мезгілінде судағы жазатайым оқиғалардың қаупі артады. Ішкі істер министрлігі баршаңызды қауіпсіздік қағидаларын қатаң сақтауға шақырады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
